Аймақтар • 16 Шілде, 2019

Алматыда жарты жылда есірткіге қатысты 138 қылмыс анықталған

909 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жарты жылдың ішінде 183 есірткі қылмысы әшкереленген. Оның ішінде есірткінің заңсыз айналымы бойынша 76 факті тіркелген көрінеді. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда жарты жылда есірткіге қатысты 138 қылмыс анықталған

 – Заңсыз айналымнан 62 кг астам есірткі тәркіленді. Атап айтқанда, 669 грамм героин, 24 кг гашиш және 36 кг марихуана. Интернетке мониторинг жүргізу арқылы есірткі препаратын сататын сайттарды анықтаймыз. Бұл жұмыстар тұрақты түрде жүргізіледі. Биыл осындай 138 сайт ашылған, оның 128-і бұғатталды. «KazCyberSystems» отандық компаниясымен бірлесе отырып, арнайы жүйе әзірледік. Тұрғындар есірткі бизнесімен айналысатын, қылмыстық әрекеттерге барған адамдар туралы ақпаратты бізге жолдауға мүмкіндік алды. Қажет болса, сурет және бейне форматтағы мәтінді де жібере алады. Бұл жүйе әзірге Алматыда қолданылып жатыр. Алдағы уақытта барлық өңірлерде іске қосылады деп күтілуде. Жаңа бағдарлама ақпарат жіберушіге есірткі құралдарының «кэштері», олардың ықтимал пайдаланылуы, сатылуы, тасымалдануы, есірткі бизнесін жүргізіп отырған қылмыскерлердің мекенжайлары туралы хабарлауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, азаматтар бұл ақпаратты жасырын бере алады. Бұл бағдарлама тек ақпарат қана қабылдайды. Хат алмасу платформасы емес екенін атап өткім келеді. Stoptraffic қосымшасы Android PlayMarket жүйесіндегі мына сілтеме арқылы қолжетімді. Болашақта біз IPhone құрылғыларына өтінім әзірлеуді жоспарлап отырмыз», - дейді Алматы ПД Есірткіге қарсы күрес басқармасының бастығы Талғат Беркінбаев.


АЛМАТЫ