Спорт • 17 Шілде, 2019

Жекпе-жек күні белгілі болды

245 реткөрсетілді

Кәсіпқой бокстың орта салмақ дәре­жесінде жұдырықтасатын қазақ­стандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы 17 тамызда шаршы алаңға көтеріледі. Бұл туралы боксшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

26 жастағы отан­дасымыз АҚШ-тың Лос-Анд­желес қала­сын­дағы Banc of California Stadium аре­насында өтетін бокс кешінде жұды­рықтасады. Жекпе-жек 10 раундқа жос­­­­парланған. Ал қар­сыласы осы ап­та­ның ішінде белгілі болмақ. Кештің бас­ты жекпе-жегінде екінші жеңіл салмақ­тағы WBO чемпионы мексикалық Эммануэль Наваррете (27-1, 23 КО) мен амери­калық Франсиско Де Вака (20-0, 6 КО) жұ­дырықтасады.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) соңғы жекпе-жегінде АҚШ бокс­шы Кристиан Оливаспен (16-4, 13 КО) жұ­­дырықтасып, WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерін иеленген-ді.


Баннер
Соңғы жаңалықтар

Өркениетке бастаған өрелі істер

Қазақстан • 21 Тамыз, 2019

Ұқсас жаңалықтар