Қоғам • 17 Шілде, 2019

Жол қауіпсіздігі қатаң қадағаланады

627 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Республикалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдық есептеліп, тіркеу жүйесі арқылы автоматты түрде жылдамдықты асыру фактілері анықталмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасз орталығында ткен конференцияда мәлім болды.

Жол қауіпсіздігі қатаң қадағаланады

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі тақырыбында өткен баспасөз жиынына ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Кеңісбаев пен ІІМ Полиция аға инспекторы Ақтоты Боранова қатысты.

Алдымен Әлібек Кеңісбаев сөз алып, 2019 жылдың алты айында 7 093 жол-көлік оқиғалары тіркеліп, 850 адам қаза тапқанын, 9 425 адам жарақаттанғанын айтты. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артқан. Ішкі істер министрлігі жол үстіндегі оқыс жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде іс-шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр екен. Ең бастысы, жолдарда бақылау күшейтілген. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жол ережесінің бұзылуына қатысты 2,8 млн фактіні тіркеп, оның ішінде 103,5 мың жаяу адам әкімшілік жауапқа тартылған. Сот 17,6 мың адамды жүргізуші құқынан айырып, 1 742 адамды әкімшілік қамауға алу туралы шешім шығарған.

«3 шілде күні өткізілген дөң­гелек үстелде автокөліктерді уақыт­ша тіркеу мәселесі қарасты­рылды. Шетелден келген авто­кө­ліктерді уақытша тіркеу онлайн түрде 24 сағатта тегін жүргізіледі. Осы мәселелер оң шешімін тапса, бұл бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырамыз. Қазіргі таңда республика көлемінде ешқандай мемлекеттік органда шетелдік автокөліктерді айдайтын жүргізушілер жөнінде толық мәліметтер мен нақты де­ректер жоқ. Сондықтан уақыт­ша тіркеу тек жолдағы қауіп­сіздікті емес, жалпы полиция қыз­меткерлерінің қоғамдық қауіп­сіздікті қамтамасыз етуге ба­ғыт­талған жұмыстарды атқаруға септігін тигізеді деп сенеміз», деді Ақтоты Боранова.

Сонымен қатар жол қауіп­сіздігін күшейтудің бір ама­лы ретінде тасжолдарда, респуб­ликалық маңызы бар жолдарда орташа жылдамдықты есептеу туралы ұсыныс қарастырылып жатыр. ІІМ өкілдері бұл бастаманың қалай іске асырылатынын да түсіндірді. Мәселен, орташа жыл­дамдықты белгілеу үшін автокөлік А нүктесінен шыққан кезде оның мемлекеттік нөмірі, уа­қыты тіркеледі. Одан соң Б нүктесіне дейінгі жол ұзақтығы оның уақытына бөлінеді. Егер автокөлік белгіленген жылдам­дықты асыратын болса немесе шамаланған уақыттан ерте ке­летін болса, жүйе автоматты түрде оның жылдамдықты асырып басқарғанын анықтап береді. Бұл ұсыныс мақұлданатын болса, 592-баптың бөліктеріне өз­ге­рістер енгізіліп, орташа жыл­дам­дықты асырғандар әкімшілік жауапкершіліккке тартылады.