Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Қазақ ұлттық күресінен мемлекеттік қызметшілер білек күшін сынасты

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиадаға алғаш рет енгізілген бұл спорт түрінен ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілдері Жасұлан Маршакұлы, Нұрбол Долдашев және Ербол Жұмабай, Маңғыстау облысының еңбек басқармасынан Мұхтар Жақияев, Ақтау қалалық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінен Самат Қылышбаев жүлдегер атанды.

Қазақ ұлттық күресінен мемлекеттік қызметшілер білек күшін сынасты

Бұл күрес түрі адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері.  

Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырынды жерге тигізумен аяқталады.

Маңғыстау облысы