Ақтау битум зауыты 2013 жылғы желтоқсан айында пайдалануға берілді және техникалық сипаттамалары бойынша сапасы жоғары жол битумын шығару үшін ең оңтайлы шикізат болып табылатын «Қаражанбас» кен орнының мұнайын жылына 1 млн тоннаға дейін өңдей алады.
Зауыт жұмысының нәтижесінде және басқа отандық өндірушілердің өнімін қоса алғанда, бүгінде елдің жол битумына деген қажеттілігі толық қамтылып отыр. Салыстыратын болсақ, 2013 жылы Қазақстанға әкелінетін битум импорты 200 мың тоннадан астамды құрады. 2018 жылы зауыт өнімі елдің ішкі нарығы қажеттілігінің 37%-ын қамтамасыз етті.
Қазіргі уақытта Ақтау битум зауытында жоғары сапалы, оның ішінде бұған дейін Қазақстанда шығарылмаған полимерлі-түрлендірілген битум өндіріледі. Полимерлі-түрлендірілген битум жылуға, аязға және тозуға төзімділігі бойынша жақсартылған сипаттамалары есебінен асфальт-бетондық жабындылар қызметінің мерзімін 1,5-2 есеге ұзартады.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай өңдеу жөніндегі басқарушы директоры Мұратжан Мұсайбеков зауыт іске қосылған уақыттан бастап 3,52 млн. тонна мұнай өндіріліп, 1 млн. тоннадан астам жол битумы немесе 3 500 шақырымға жуық жол шығарылғанын атап өтті. Ақтау битумы Қазақстан Республикасының барлық дерлік стратегиялық автожолдарын, оның ішінде «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» тас жолының құрылысы кезінде пайдаланылды. Ақтау зауытының битумы барлық көрсеткіштері бойынша мемлекеттік және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келеді.
Маңғыстау облысы