Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Қазақстандық десантшылар күш-қуатын 2019 жылғы халықаралық армиялық ойындарда көрсетеді

365 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің үздік жауынгерлері Ресей Федерациясының Псков облысында өтетін «Десанттық взвод» конкурсында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын болады.

Қазақстандық десантшылар  күш-қуатын 2019 жылғы халықаралық армиялық ойындарда көрсетеді

Алматы облысының «Іле» оқу полигонында АРМИ-2019 халықаралық әскери ойындарына қатысатын «Десанттық взвод» құрама командасы соңғы дайындықтарын жүргізуде. Бұл конкурсқа іріктеу жұмыстары бірнеше этаптардан тұрды. Әскери қызметшілер өздерінің мықтылығын батальондық, бригадалық және әскерлер деңгейінде дәлелдеп таңдалды. Конкурс ережесіне сай 42 әскери қызметші іріктеліп, 3 негізгі бөлімше мен 1 қосалқы бөлімше жасақталды.

Конкурстың негізгі бөлімі 3-17 тамыз аралығында Псков облысының «Струги красные» полигонында өтетін болады. Қазақстандық команда 26 шілде күні аттанады деп жоспарлануда. Себебі әскери қызметшілер сол елдімекеннің климатына бейімделіп, қаруын келтіріп, қоршаған ортамен танысуы тиісті.

Аталмыш конкурстың басты мақсаты болып халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайту, әскери қызметтің мәртебесін көтеріп, жеке құрамның машықтылығы мен кәсібилігін бақылау болып белгіленді.

Конкурс 4 кезеңнен құралады және олар техникалық пен жаяу болып бөлінген, яғни жауынгерлер десантталу, қону алаңына жиналу, марш жасау, БМД (БТР) жеке жарысы, бөлімше құрамындағы биатлон (жүргізу барысында атыс жүргізу), атыс қаруы мен гранатаменттен атыс жүргізу, БМД (БТР) спринті, десанттық-шабуылдау жолағын өту, БМД (БТР) қуып жүру жарысы, бөлімше құрамында бағдарлау, БМД (БТР) эстафетасы, атыс қарумен оқ жүргізумен марш жасау, дәлдікпен жеке секіру бойынша сайысқа түседі.

Есептеу барысында әскери техникамен өнер көрсететін жеке құрамның көрсеткіштерінің маңыздылығы жоғары болады. Жалпы есептік орындардан басқа, конкурст ережесіне сәйкес қосымша номинациялар бойынша марапаттау рәсімі өтеді. Олар «Рухымен мықты», «Бірге біз мықтымыз», «бәйге шебері», «Дәлдікке қону» және «Өз ісінің шебері» номинациялары.

Аталмыш конкурсқа 20 елден келген командалар қатысады деп күтілуде.  2017 жылы аталмыш конкурс Қытай Халық Республикасында өтіп, қазақстандық десантшылар 8 елдің арасында Ресей мен ҚХР алға жіберіп үшінші орынға табан тіреген болатын.

Маңғыстау облысы