Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Спартакиада мәреге жетті

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиаданың бағдарламасына сәйкес үстел теннисінен де жарыстар болып өтті.

Спартакиада мәреге жетті

Сайысқа ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, мемлекеттік кірістер департаментінің, еңбек инспекциясының, Ақтау қаласы, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарының әкімдіктерінің, қазынашылық департаменті, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының командалары қатысқан болатын.

Сайыс нәтижесінде жалпытоптық есепте бірінші орынды Қарақия ауданының әкімдігі алса, екінші орынды Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті иеленді, ал ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті қола жүлдені қанжығасына байлады.  

Сондай-ақ, «Каспий» спорт кешенінде  әкімшілік мемлекеттік қызметшілер арасындағы спартакиада шеңберінде шағын футболдан финалдық ойындар өз мәресіне жетті.

Жарыс нәтижесі бойынша топ жарып бірінші жүлделі орынға ие болған облыстық сот командасы, күміс жүлдені мемлекеттік кірістер департаменті қанжығасына байласа, ал Бейнеу ауданының әкімдігі үшінші жүлделі орынды місе тұтты.       

Барлық жеңімпаздар медальдар, дипломдар және кубоктармен марапатталды.

Маңғыстау облысы