Аймақтар • 17 Шілде, 2019

20 шілдеде Нұр-Сұлтанда ЯРКОкросс фестивалі өтеді

281 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

20 шілде күні Нұр-сұлтан қаласында Бурабай күзет аймағының табиғи минералды суы TURAN және Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Посади Дерево» қоры ұйымдастырған ЯРКОкросс фестивалі өтеді. Триатлон парк Астана кешенінде өтетін қайырымдылық жарыстың басты тақырыбы - «Таңғаларлық джунгли». Фестиваль тарихында тұңғыш рет мәреге жеткендер медальмен марапатталады.

20 шілдеде Нұр-Сұлтанда ЯРКОкросс фестивалі өтеді

Қатысушыларға мәреге жету үшін 5-шақырымдық «джунглиден» өту керек. Дәстүр бойынша, басынан аяғына дейін жүгірушілерге жарқын әрі экологиялық таза бояулар шашылады. ЯРКОкросста таймер жоқ, сондықтан қатысушылар ыңғайлы ырғақпен жүгіре, секіре немесе асықпай серуендей алады.  

Жарыстың басталуы сағат 10.00-де. Марафон аяқталғаннан кейін қатысушылар фуд-корт аумағында тамақтанып, жасыл релакс аймағының көлеңкесінде тынығып, табиғи су TURAN көмегімен  су-тұзды теңгерімін қалпына келтіре алады. Сондай-ақ DJ музыкасына би билеп,  серіктес ойын-сауық аймақтарында көңіл көтеру мүмкіндігі бар. Жоспарланған ойын-сауық шаралары - арасында арт-аймақ, сыйлықтар ойналатын футбол дартсы,  Maxi Чай жарнамалық аймағының сәттілік рулеткасы.  

Ересек адамдарға онлайн төлем жасау кезінде қатысу құны 18 шілдеге дейін ересектерге (8 жастан жоғары)  5000 теңге, балаларға (3-7 жас аралығында)  -  3500 теңге. Ересек адамға арналған билет қатысушылардың жиынтығында футболка, рюкзак, қатысушы нөмірі және мәреге жеткенде тапсырылатын медаль бар. Онлайн тіркелу 18 шілде күні сағат 23:59 аяқталады.

Тіркелген қатысушыларға арналған жиынтықтар 19 шілдеде 11.00-ден 22.00-ге дейін Триатлон парк Астана кешенінде таратылады.  

«ЯРКОкросс 7 жыл ішінде 250 адам қатысқан бірінші шағын жарыстан 17 мың жүгіруші жинаған  жарқын республикалық қозғалысқа айналды. Осы уақыт ішінде фестиваль Қазақстанның 7 қаласында өткізілді және оларға барлығы 30 мың адам қатысты. Фестивалды қолдаушылар қатары артып келе жатқанына қуаныштымыз.  2019 жылы біз Алматы мен Қарағандыда өткіздік. Нұр-Сұлтан қаласынан кейін Көкшетау және Шымкент қалаларында жазғы жарыстарды жоспарлап отырмыз. Біз осы қала тұрғындары мен қонақтарын жарысқа қатысуға шақырамыз, ұмытылмас қуанышқа бөленіп, ЯРКОкросс қайырымдылық миссиясына үлес қосыңыздар», - деді жобаның бас үйлестірушісі Александра Комлеева.

Фестиваль миссиясы өзгеріссіз қалды. Жиналған қаражат ағаш отырғызуға және спорт алаңдарын орнатуға жіберіледі. Жоба тобы мен еріктілер бүкіл ел бойынша 1150 ағаш отырғызды. Өткен жылы түсімдер «Аутизм победим» қауымдастығының  баскетбол және волейбол алаңдарын жабдықтауға бөлінді.

«Посади дерево»  қоры ЯРКОкросс фестивалінің негізгі ұйымдастырушысы. Шараға  Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі және TURAN табиғи минералды суы бар Asia Waters компаниясы, сондай-ақ Maxi Чай брендімен «Галанз Ботлерз» компаниясы қолдау көрсетті.    

Фестивальдің ақпараттық серіктестері: 7 арна, Kinopark  Theatres, WeProject, Astana Radiosy.

20  шілдеге арналған фестиваль кестесі:

• 09.00 – Орталық саябақта жарнамалық аймақтар жұмысын бастайды;

• 09.45 - африкандық барабандардың қолдауымен қарсы алу және жаттығулар;

• 10.00 - жарыстың және джунгли тақырыбындағы ойын-сауық бағдарламаның басталуы;

• 12.30 - барлық қатысушылардың мәреге жетуі;

• 12.40 – музыкалық топтың өнері;

• 13.00 - ЯРКОбұлт;

• 13.10 - концерттік бағдарлама, DJ-музыка.