Аймақтар • 17 Шілде, 2019

Нұр-Сұлтан қаласының үздік брендбук байқауы қайта жарияланды

248 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі елорданың үздік брендбук жобасын анықтау бойынша шығармашылық байқауын қайта жариялайды. Бұл байқау жастарды патриотизмге тәрбиелеу, қаланың үздік рәміздерін жасау, сондай-ақ ұлттық өнерді одан әрі дамыту және оны кеңінен насихаттау мақсатында өткізіледі.

Нұр-Сұлтан қаласының үздік брендбук байқауы қайта жарияланды

Өз жұмыстарын дизайнерлер және суретшілер, сондай-ақ республиканың тұрғындары мен қала тұрғындары жібере алады. Байқау 2019 жылдың 17 шілдесінен 2 тамызына дейін жүргізіледі. Байқауға қатысқысы келетіндер Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасына 2019 жылдың 2 тамызынан кешіктірмей мына материалдарды тапсырулары керек: 

1. Брендбук нобайлары (нобайлар А4, А3 форматындағы түрлі-түсті қалың қағазда жасалуы тиіс). 

2. Шығармашылық жұмысты сипаттайтын түсіндірме жазба. 

Қазылар алқасы дизайнерлерден, суретшілерден және ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен тұрады. Байқаудың жеңімпазы дипломмен және 3 000 000 теңге ақшалай сыйлықпен марапатталады.

Құжаттар келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Бейбітшілік көшесі,11, 528а, 535 кеңсе, тел .: 55-67-19, 55-67-07 нөміріне хабарласуға болады.