Қазақстан • 17 Шілде, 2019

Биыл жоғары білімді кадрларды даярлауға 53 785 грант бөлінді

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініш қабылдау жүріп жатыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрінің есеп беру кездесуінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз маслихатында Асхат Аймағамбетов айтты деп хабарлайды ortcom.kz.

Биыл жоғары білімді кадрларды даярлауға 53 785 грант бөлінді

«Биылғы жылы білім беру гранттары ҰБТ сертификатының балдарына сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша конкурстық негізде берілетін болады. 13 шілде күні білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштер қабылдау басталды. Алғашқы 4 күн ішінде конкурсқа қатысу үшін үміткерлерден 28 430 өтініш қабылданған, оның ішінде 26 202 өтініш толық бағдарлама бойынша оқуға берілсе, 2 228 – техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын бітірушілерінен қысқартылған мерзімде оқу үшін ниет білдіргендер. Конкурсқа өтініштерді қабылдау жалғасуда және 20 шілде күні аяқталады», - деді А. Аймағамбетов.

Сонымен қатар, кадрларды даярлауға арналған білім беру гранттарын беру «бакалавр» немесе «магистр» дәрежесі беріле отырып, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру Ережесі негізінде жүзеге асырылады.

«Барлығы жоғары білімді кадрларды даярлауға 53 785 грант бөлінді. Бұдан басқа, биылғы жылы қосымша 5 мың грант бөлініп отыр, оларды жергілікті атқарушы органдар да конкурстық негізде береді», - деді Білім және ғылым министрі.

Айта кетсек, 28 маусымда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің конференц-залында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің халыққа есеп беру кездесуі болды.