Экономика • 17 Шілде, 2019

Әлемдік креативті қауымдастық түтінсіз болашақ үшін

509 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Филип Моррис Интернэшнл (ФМИ) компаниясы креатив мекені және жаңа трендтер анықталатын, жарнама әлеміндегі Оскар болып саналатын Канн арыстандары 2019 халықаралық фестиваліне қатысты.

Әлемдік креативті қауымдастық түтінсіз болашақ үшін

Ұзақ үзілістен кейін компания екінші жыл қатарынан ең басты креативтілік фестиваліне қатысты. Ал компания болса әлемдік жарнаманың бүгінгі күнін және келешегін қалыптастыратын креативті жұртшылыққа өзінің трансформациясы (бизнес, өнім және ішкі трансформация) туралы әңгімелеу үшін осы алаңға қайтып оралды.

"Ашық микрофон" тақырыбы аясында компания өкілдері танымал мәдениетті құруға және қалыптастыруға көмектесетін жаңа идеяларға, жаңашыл зерттеулер мен жаңа әзірлемелерге арналған жеке әңгімелер мен шағын іс-шаралар топтамасын өткізді. Іс-шара барысында компания түтінсіз болашақ құруға өзінің амбициялық ниетін тағы да мәлімдеп, шығармашылық, медиалық және коммуникациялық қоғамдастықтарды осы идеяны қолдауға шақырды.

Жаһандық коммуникациялар жөніндегі ФМИ аға вице-президенті Мариан Зальцман Канн фестивалінде айтқан сөзінде: "Біз шығармашылық қауымдастықты бізге қосылуды және темекі шегетіндердің сондай-ақ темекі шегушілердің айналасында жүргендердің, баламалы өнімдер саласындағы ғылым, технологиялар мен инновациялардың әлеуеті туралы хабардар болуын арттыруға жәрдемдесуді сұраймыз. Бұл қадам темекі өнеркәсібіндегі инновациялар мен технологияларды дамытуға бағытталған ФМИ-ның бір бөлігі болып табылады және мұнда біз әрқашан ғылымға сүйенеміз"-деп атап өтті.

ФМИ темекінің түтінсіз аз зиянды баламаларын, соның ішінде темекіні қыздыру жүйесі – IQOS және басқа да инновациялық технологияларды әзірлеуде және бағалауда. Компания дәстүрлі темекіге балама өнімдерді пайдалану арқылы зиянды азайту әлеуетін зерттеу үшін ауқымды зерттеулер жүргізуде. Бүгінгі күні барлық деректер темекі шегушілер үшін ФМИ түтінсіз өнімдері дәстүрлі темекіден гөрі ең жақсы таңдау екенін көрсетуде.

"Темекі шегуші адамдар үздік баламалар туралы ақпарат алуға лайық. Медиа индустрия бұл бастаманы алға жылжытуда маңызды рөл атқара алады. Темекі мен никотиннен бас тарту темекі шегушілер үшін ең жақсы нұсқа болып қала береді, алайда мұндай түбегейлі шараларға барлығы дайын емес. Сондықтан олар үшін инновациялық түтінсіз өнімдер - темекі тұтынуды жалғастырудан гөрі ең жақсы таңдау. Біз темекіні тұтынудан бас тартқысы келмейтін немесе бас тарта алмайтын барлық темекі шегушілер зияны аз балама өнімдерге ауыса алатын әлемді салғымыз келеді. Біз Канндағы батыл мәлімдемеден бастадық: біз темекінің түтінсіз әлем құруға тырысамыз, бұл әлемде барлық темекі шегушілер зияны аз балама өнімдерге ауысады. Енді адамдар біз шындап ыңғайланғанымызға көз жеткізгені жайлы білетін уақыт келді Және біз уәде бермей, нақты іс - қимыл жасаудамыз", - деді Филип Моррис Интернэшнл Бас операциялық директоры Яцек Олчак.

Кейбір компаниялар әлемдегі ең ірі темекі өндіруші идеясын бірден қолдады. Мысалы, Emakina Group - Еуропадағы коммуникациялық агенттіктердің тәуелсіз тобы - темекінің түтінсіз болашақ жолын ұстанатынын мәлімдеген бірінші агенттік желі болды, ол өзінің 13 бөлімінде бастаманы қолдауға уәде берді.

"Бүкіл компания үшін болашақ темекі түтінсіз? Сын қабылданды", - деп мәлімдеді Emakina Group бас директоры Брайс Ле Блевеннек.

ФМИ "Канн Арыстандары" фестивалі алаңында сөйлеген сөзіне Қазақстандағы Канн арыстандары халықаралық креативтілік фестивалінің эксклюзивті ресми өкілі, Қазақстанның жас арыстандары сайысын ұйымдастырушы Асхат Өскембаев былай деп түсінік берді:

"Мен маркетинг саласындағы мамандардан біздің Қазақстанда басқа елдерден ерекше менталитет пен бізде Қазақстанда "жұмыс істемейді" деп қызғанышпен айтқан батыл маркетингтік шешімдер бар дегенді жиі естимін." Иә, Қазақстанда тартылыс заңы басқаша жұмыс істейтіндіктен, өз әрекетсіздігін немесе кәсіпқой еместілігін ақтауға өте ыңғайлы, бірақ іс жүзінде бұл бос сөз. Адам қағидалары және қауіпсіздікке деген ұмтылу барлық жерде бірдей. Сондықтан Қазақстанда СӨС, лайфхак және т.б. аббревиатуралар өте танымал. IQOS өнімі - қала тұрғындарын таң қалдырмайтын және үйреншікті нәрсе ретінде қабылданатын танымал өнімдердің бірі. Сондай-ақ, біздің елде IQOS - қа деген сұранысты негіз етіп алсақ, темекіден зияны аз баламаларға көшу - бұл болашақ емес, нақты бүгінгі күн екенін күмәнсіз растауға болады".