Аймақтар • 18 Шілде, 2019

Бақытжан Сағынтаев Tesla компаниясының өкілдерімен кездесті

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Басқосу барысында Алматыда сервистік орталық, Tesla Motors шоурумын ашу және электр автомобильдерін зарядтау стансалары инфрақұрылымдарын салу мәселелері талқыланды.

Бақытжан Сағынтаев Tesla компаниясының өкілдерімен кездесті

Айта кетерлігі, қалалықтардың мобилділігін арттыру мақсатында мегаполистің көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асады. Қабылданған шешімдер жолдардың өткізу қабілетін, көлік қозғалысы қауіпсіздігін және қалада экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етпек.

Қазіргі кезде Алматыда электр автомобильдерінің 107 бірлігі тіркелген болса, олардың 67 бірлігі Тесла маркалы электромобилдердің түрлі моделдеріне тиесілі.

Тesla компаниясы 2003 жылы АҚШ-та (Санта Клара, Калифорния) құрылған. Оның негізін қалаушылар – Илон Маск, Мартин Эберхард, Джефри Брайан.

Компания 2019 жылдың бірініші жартыжылдығында 150 мыңнан астам автомобиль шығарған. Қазіргі кезде өндіріс көлемі аптасына 7 мыңнан астам электромобилдер жасайды. Компанияның жалпы саны 10000-ға жуық Supercharger қондырғыларымен жабдықталған 1250-ден астам зарядтаушы стансалары бар.


АЛМАТЫ