Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Нұрлан Ноғаев Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қабылдады (видео)

616 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау облысының әкімі Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты өлеңін оқыды,деп хабарлайды Атырау облысы əкімінің баспасөз қызметі.

Нұрлан Ноғаев Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны қабылдады (видео)

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа 6 адам жолдады.Қазақ ұлттық өнер университетінің 6-сынып оқушысы Медея Даниярқызы, Сириядан оралған қазақстандық Балжан Абдрахманова, «Ақ Жайық» газетінің директоры Айнұр Сапарова, атыраулық №18 мектептің 9 – сынып оқушысы Нұрлыбеков Нұрасыл, сондай–ақ, актер, театр және кино режиссері Талғат Теменов пен дирижер Бауыржан Ақтаев эстафетаны Нұрлан Ноғаевқа жолдаған болатын.


Аймақ басшысы Абайдың «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» атты шығармасын оқып, эстафетаны профессор, философия ғылымдарының докторы Ғарифолла Есімге жəне жазушы Роллан Сейсенбаевқа,экономика ғылымдарының докторы Елеусін Сағындықовқа жолдады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше