Автокөлік өнеркәсібінің 2019 жылдың I жартыжылдығындағы нәтижелері: Қазақстанда 144,8 млрд теңге сомаға 20,6 мың автокөлік шығырылды: оның ішінде автокөлік құралдарының өндірісі: +40,4%, құрастырылған көліктерді сату: +39,5%, Қазавтоөндірістің ішкі нарықтағы үлесі 47,2% -тен 55,9%-ке дейін өсті. Қазақстандықтардың отандық автокөлік өндірісіне жұмсаған қаржысы: 118,6 млрд теңге (+66,6%). Қазақстанда құрастырылған автокөліктердің TOP-5 бренді: Lada, Hyundai, KIA, Skoda, Chevrolet. Ал TOP-5 үлгілері: Lada Granta, Hyundai Tucson, Lada 4x4, Lada Vesta, Hyundai Accent.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан аумағында жалпы құны 144,8 млрд теңге болатын 20 623 автокөлік құралы (жеңіл, жүк, автобус техникасы, арнайы машиналар мен тіркемелерді қоса алғанда) өндірілді. Табиғи мәндегі шығарылым көлемі өткен жылғы көрсеткіштен 40,4% - ға асып түсті.
2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша автобус техникасын шығару (674 бірлік) 18 753 бірлікке жетіп, жеңіл автомобильдер өндірісі 36,6% - ға өсті. Жүк автомобильдері (843 бірлік) мен тіркемелер (325 бірлік) өндірісі тиісінше 67,9% - ға және 41,3% - ға өсті. Мамандандырылған автотехниканы шығару 70 бірліктен 28 бірлікке дейін төмендеді.
Елімізде құрастырылған автомобильдер сегментінде «АЗИЯ АВТО» АҚ оқ бойы озық тұр. Компания 10 025 автомобиль сатқан, бұл отандық техниканы сату жиынтығының 56% құрайды. «СарыарқаАвтоПром» ЖШС 7 091 бірлік (сегменттегі үлес – 39,6%) автомобиль сатқан. Отандық автоөндірушілер өнімдерінің сатылымы бойынша рейтингінде «СемАЗ» ЖШС (328 бірлік; 1,8%), «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ (271 бірлік; 1,5%), «Hyundai Trans Auto» ЖШС (103 бірлік; 0,6%) және «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС (95 бірлік; 0,5%) орналасқан.
2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қазақстанда құрастырылған жеңіл автокөліктердің ең сұранысқа ие бестігі Lada (7 220 бірлік), Hyundai (5 956 бірлік), KIA (1 744 бірлік), Skoda (475 бірлік) және Chevrolet (439 бірлік) болды.
Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалар тізіміне Ravon (369 бірлік), JAC (267 бірлік), UAZ (206 бірлік) және Peugeot (23 бірлік) кірді.
Жергілікті өндірістің жеңіл автомобильдерін сату рейтингісін Lada Granta (2 518 бірлік), Hyundai Tucson (2 073 бірлік), Lada 4x4 (1 630 бірлік), Lada Vesta (1 559 бірлік) және Hyundai Accent (1 284 бірлік) бастап тұр.
Сонымен қатар, қазақстандықтар арасында танымал модельдердің тізімін Hyundai Elantra (1 129 бірлік), Lada Largus (1 086 бірлік), Hyundai Creta (997 бірлік), KIA Rio (699 бірлік) және Lada XRAY (424 бірлік) толықтырды.
2019 жылдың қаңтар-маусым айларында мемлекеттік бағдарламаның қатысушылары 1 700 автомобиль сатып алды. Олардың үлесіне жергілікті өндіріс автомобильдері сатылымының 9,5% - ы келді.
2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша қазақстандықтар 5 816 бірлік техниканы утилизацияға өткізген. ҚШКҚ утилизациялау бағдарламасының екінші кезеңі аясында жаңа көлік құралдарын сатып алуға 8 333 жеңілдікті сертификат берілді.
2019 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша сала кәсіпорындарының республиканың ЖІӨ құрылымына қосқан үлесі 144,8 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 47,6% артық.
2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша автомобиль саласы кәсіпорындарының (автомобиль техникасын бөлшек сатылымыжәне қызмет көрсетуді қоса алғанда) салық түсімдерінің жиынтық көлемі 32,4 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 25,8% - ға артық.
«ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындары одағының стратегиялық жоспарлау жөніндегі директоры Артур Мискарян өткен жарты жылдық саланың маңызды жетістіктерімен ерекшеленді: өндірістік көрсеткіштер 20 мыңға жетті. Бұл ағымдағы динамиканы сақтай отырып, жыл соңына қарай автоөндірушілер дағдарысқа дейінгі, 2014 жылдың жоспарына жақындайды дегенді білдіреді. Модельдік қатардың белсенді кеңеюінің, тұрақты макроэкономикалық фонның және мемлекеттің қолдауының арқасында жарты жылда өндіріс көлемі 40,4% - ға өсті.
Нарықты қалпына келтірудің негізі – отандық автомобильдерге сұраныстың өсуі. Жарты жылдың қорытындысы бойынша отандық өндірушілер сатылымның жартысын сақтап қалды – Қазавтоөндірістің үлесі сатылымның 55,9% - ын құрады. Осы ретте, жеңілдетілген несие беру бағдарламасын пайдалана отырып, алты ай ішінде 1 700 автомобиль сатып алынды, бұл отандық өндірушілер өнімінің 9,5% - ын құрайды».
«ҚазАвтоӨндіріс» Қазақстанның автомобиль саласы кәсіпорындарының одағы» ЗТБ – Қазақстанның автомобиль индустриясының ірі қатысушыларын біріктіретін салалық одақ. 2015 жылы құрылған. Одаққа қатысушы кәсіпорындардың үлесіне қазақстандық автопром өнімдерінің 60% - дан астамы және республиканың автомобиль саласында жұмыс істейтіндердің 40% - дан астамы тиесілі.
Одақ Қазақстан Республикасының алты министрлігі жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде аккредиттелген: Инвестициялар және даму министрлігі (ИДМ), ішкі істер министрлігі (ІІМ), Ұлттық экономика министрлігі (ҰЭМ), Қаржы министрлігі, Ақпарат және коммуникациялар министрлігі және Энергетика министрлігі (ЭМ).
Одақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының және «Қазақстан машина жасаушылар одағы» ЗТБ мүшесі, сондай-ақ «Ресей автоөндірушілер бірлестігі» ҰП серіктесі болып табылады.
«КазАвтоӨндіріс» одағы Қазақстанның автомобиль өнеркәсібін автоөндірушілердің халықаралық ұйымында – OICA (1919 жылы құрылған, штаб-пәтері – Париж қаласы) толық құқықты түрде өкіл болып табылады. OICA 39 ірі автоөндіруші елдердің ұлттық одақтарын біріктіреді, БҰҰ-да тіркелген жалғыз салалық бірлестік болып табылады және Еуропалық экономикалық комиссияның (БҰҰ ЕЭК) автокөлік құралдарының қауіпсіздік стандарттарын әзірлеуге тікелей қатысады.