Аймақтар • 20 Шілде, 2019

Қостанайда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы әлеуметтік желілерден тікелей берілді

407 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай қаласында «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясының кезекті кезеңі өтіп жатыр. Полиция қызметі ашықтығының арқасында қала тұрғындары көкейтесті сұрақтарын қоя алады.

Қостанайда «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы әлеуметтік желілерден тікелей берілді

Сұрақтардың басым көпшілігі көші-қон мен жол қозғалысы ережелеріне қатысты болды. Азаматтарды облыстық ПД бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Нығмет Исмағұлов және басқа да қызмет бастықтары қабылдады.

Акция осы жылы төртінші рет өткізіліп отыр,халықпен тығыз байланыста болу нәтижесін беруде. Тұрғындар тарапынан келіп түскенұсыныстарды қабылдай отырып, қаладағы тәртіп, атап айтқанда, жол қозғалысы ережелерін сақтау жақсарды. Мысалы, 2019 жылдың 6 айында Қостанай облысының аумағында жол-көлік оқиғасы 7,1 процентке, қаза болғандардың саны 5процентке төмендеген. Жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 2019 жылы 7 жедел-профилактикалық шаралар мен акциялар ұйымдастырылды. «Қауіпсіз жол», «Назар аударыңыз, жаяу жүргінші!», «Автобус» және«Жолдағы қабылдау» акциялары табысты өтті. 

«Жолда қабылдады» акциясында полиция көмегіне 100-ден астам адам жүгінді. Сондай-ақ азаматтарды қабылдау Облыстық полиция департаментінің «Инстаграм», «Фейсбук» әлеуметтік желілерінде тікелей эфирде көрсетілді. Әлеуметтік желі пайдаланушылар тікелей эфирде өз сұрақтарын қойып, кеңестер мен нақты жауаптар алды. Тікелей эфирге 600-ге жуық желі пайдаланушысы қосылып, 30-дан астам сұрақ қойды» дейді облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Кенже Қонысбай.