Спорт • 21 Шілде, 2019

Дмитрий Баландин әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

118 реткөрсетілді

Бүгін Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды. Бірінші жарыс күнінде команда көшбасшысы Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының нормативін орындады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

100 метрге брасс әдісімен жүзуде Баландин өз тобында алтыншы нәтиже көрсетті. Ол аталған қашықтықты 59.56 секундта жүзіп өткен. Осылайша, Дмитрий 100 метрлік қашықтықтағы Олимпиада ойындарына А іріктеу нормативін орындады. 

Бұл Баландиннің Токио Олимпиадасына жеңіп алған екінші жолдамасы. Сондай-ақ біздің спортшы 13-ші орыннан көрініп, әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.  

Айта кетейік, Дмитрий Баландин Champions Swim Series әлемдік турнирінде 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Олимпиада жолдамасына иелік еткен еді.  

100 метрге брасс әдісімен жүзуден әзірге бірінші орында британиялық Адам Пити (57,59) тұр. Екінші орынды Илья Шиманович (58,87), үшінші орынды Ясухиро Косеки (58,91) қорытындылап тұр. Жартылай финал бәсекесі бүгін кешке өтеді.  

Іріктеуде бақ сынаған тағы бір қазақстандық Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден жартылай финалға өте алмады.


Соңғы жаңалықтар

Ел ішіндегі ілкімді іс

Аймақтар • Бүгін, 10:55

Сақтанған адам сау жүрер

Қоғам • Бүгін, 10:32

Ақмоладағы көктемгі қарбалас

Аймақтар • Бүгін, 10:20

Мұнай бағасы 40 пайызға көтерілді

Экономика • Бүгін, 09:27

Чайковский шығармалары шырқалды

Қазақстан • Бүгін, 09:18

Дер кезіндегі демеу

Руханият • Бүгін, 08:25

Төлем алуға – Telegram-бот

Қоғам • Бүгін, 08:05

Кәсіпкерлер үшін мүмкіндік

Қазақстан • Бүгін, 08:05

Петропавл карантинге жабылды

Аймақтар • Бүгін, 08:00

Қаржы халыққа бағытталады

Үкімет • Бүгін, 07:53

Құптарлық қадам

Парламент • Бүгін, 07:47

Мешітте бетперде цехы ашылды

Аймақтар • Бүгін, 07:35

Елге пайдасы тиген адам жақсы

Парламент • Бүгін, 07:30

Ішінара шектеу енгізілді

Коронавирус • Бүгін, 07:30

Аудан өмірінің айнасы

Аймақтар • Бүгін, 07:27

Арман аласармасын

Руханият • Бүгін, 07:22

Диқан дизельді төмен бағаға алады

Экономика • Бүгін, 07:11

Ұқсас жаңалықтар