Өткен жұма күні, яғни 19 шілдеде мұз үстінде, бар өнерімен күллі әлемді тамсандырған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, даңқты спортшы әрі еліміздің мақтанышы Денис Теннің бұл фәнимен қоштасқанына да бір жыл толды. Мұзайдынның мұзбалағы саналған Денис Тен 25 жасында қапияда кісі қолынан қаза тауып, мәңгілік сапарына аттанған еді. Қыршын кеткен спортшының артында жоқтаушы жанкүйері мен қалың елі қалды...

Осыдан тура бір жыл бұрын Денис Теннің Алматы қаласындағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында қаскөйлердің қолынан ауыр жараланып, жансақтау бөліміне түскені туралы суыт хабар лезде тарап кетті. Елімізде ғана емес, шетелдерде де кеңінен танылып үлгерген Денистің бар әлемдегі жанкүйері оның амандығы үшін дұға тілеген еді. Өкінішке қарай, Денисті ажалдан арашалау мүмкін болмады. Бұл тек қазақ спортының ғана емес, мәнерлеп сырғанау әлеміндегі орны толмас қаза болатын... Денистің қазасы ешкімді де бейжай қалдырған жоқ. Барша Қазақстан халқы намысты ұлынан айырылып, қайғыдан қан жұтса, әлемнің әр түкпіріндегі жанкүйер танымал спортшыдан көз жазып қалғанына өкінді.
Миллиондаған жанкүйер жүрегінің төрінен орын алған талантты спортшы Денистің қазасынан соң, оны еске алуға арналған түрлі іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрды. Атап айтар болсақ, 2018 жылдың 9 тамызында Денис Теннің анасы Оксана Тен ұлының атын өшірмеу, Денистің атынан түрлі іс-шараларды өткізіп тұру мақсатында қоғамдық қор ашқанын мәлімдеді.
2019 жылдың басында Денистің жанкүйерлері, достары Алматы қаласының әкімдігіне Халық арена мұзсарайын Денис Теннің атына беру туралы үндеу жасап, онлайн қол жинауды бастады. Бір күннің ішінде мыңға жуық қол жиналды. Арада алты ай өтсе де, мұзсарайы спортшының атына әлі күнге дейін берілген жоқ. 13 ақпанда Денис Тен туралы «Денис Тен – Величайшее шоу» атты деректі фильм жарыққа шықты. Фильм Денистің төртінші әрі соңғы «Денис және оның достары» атты мұз айдынындағы шоуына дайындық туралы баяндайды.
22 маусымда Алматыда Денис Тенге арналған ескерткіш орнатылды. Ескерткіш спортшы қайтыс болған Құрманғазы – Байсейітова көшелері қиылысына орнатылған. Мүсінде спортшының 2014 жылы Сочидегі Олимпиадада өнер көрсету сәті бейнеленген. Бұл Олимпиадада Денис Тен қола жүлде ұтып алған еді. Ескерткішті Санкт-Петербург мүсіншісі Матвей Макушкин жасаған.
Сонымен қатар Денистің атындағы турнир Халықаралық коньки спорты түрлері федерациясының (ISU) күнтізбесіне енді. Ал 20 шілде күні Алматыда Қазақстан және әлем жұлдыздарының қатысуымен «Денис Тен және оның достары» атты мұзды шоу өтті. Шоуға Мао Асада, Елена Радионова, Татьяна Тарасова, Кейтлин Вивер, Эндрю Поже, Иван Букин, Александра Степанова қатысып, қалың жанкүйерге өз өнерлерін көрсетті.
Қазақстанның мәнерлеп сырғанаудан бай тарихы мен жеңіспен өрілген дәстүрі болмаса да, ел спортшыларының бұл спортта да жоғары нәтижеге таласы бар екенін Денис бүкіл әлемге мойындатты. Сол үшін де Денистің аты біздің жүрегімізден мəңгі орын алады.
Ақмола облысында суға батып бара жатқан үш жасөспірім құтқарылды
Аймақтар • Бүгін, 15:50
Таэквондодан Азия біріншілігінде Қазақстан қос медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 15:28
АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония Ресейден алтын сатып алуға шектеу енгізбек
Әлем • Бүгін, 14:38
Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы белгілі болды
Спорт • Бүгін, 13:49
Ақмола облысында қатты жел мектеп пен тұрғын үйлердің шатырын ұшырды
Аймақтар • Бүгін, 13:37
Атырау-Орал тас жолында ірі жол апаты болды
Оқиға • Бүгін, 12:48
Елімізде қанша адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 12:22
Шавкат Рахмонов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 11:40
Өскемен тұрғынынан ақша бопсалаған ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 11:20
UFC: Қазақстандық Сергей Морозов жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 10:33
Өткен тәулікте 66 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Бельгияда коронавирусқа қарсы екпе салу қайта басталмақ
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар