Спорт • 22 Шілде, 2019

Қазақстандық шпагашылар әлем чемпионатындағы командалық сында ондыққа енді

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатында қазақстандық шпагашылар командалық сынды аяқтады. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Қазақстандық шпагашылар әлем чемпионатындағы командалық сында ондыққа енді

Жарыс нәтижесі бойынша біздің шпагашылар оныншы орын иеленді. 1/8 айналымда өткен тартысты кездесуде Қазақстан командасы 44:45 есебімен Ресейге жол берді.  Кейін 45:44 есебімен АҚШ құрамасын және 41:40 есебімен Венгрияны жеңді.  Ал Жапония командасына қарсы өткен кездесуде біздің шпагашылар 44:45 есебімен ұтылып, 10-шы орынға тұрақтады.  

Командалық бәсекеде Қазақстан атынан Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Дмитрий Алексанин және Вадим Шарлаимов сынға түсті.  Ал шпагадан командалық сынға 42 құрама қатысқан.