Әлем • 22 Шілде, 2019

Димаш Құдайберген актер Джеки Чанның концертінде өнер көрсетті

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген V жыл сайынғы Джеки Чан фильмдері апталығының ашылу салтанатына қатысты.

Димаш Құдайберген актер Джеки Чанның концертінде өнер көрсетті

«Джеки Чан ағамыздың кешiнен», деп әнші Д. Құдайберген Инстаграмдағы парақшасында өнер көрсеткен видеосын жариялады. 

Қытайдың Да тон қаласында атақты актер Джеки Чанның экшн-фильмдері бесінші халықаралық апталығы басталды. Ашылу салтанатында Димаш Құдайберген The Crown, Screaming және Unforgettable Day әндерін шырқады.