12 елдің дипломаты – Қостанайда
Сәрсенбі, 8 мамыр 2013 1:45
Қостанайға екі күндік сапармен Канаданың, Жапонияның, Үндістанның, Оңтүстік Африка Республикасының, Индонезияның, Ирактың, Ватиканның Қазақстандағы елшілері мен Корея елшісінің орынбасары, Қытай Халық Республикасы елшісінің кеңесшісі және хатшысы, Оман Сұлтандығы елшісінің хатшысы, Белгия елшілігі сауда-экономикалық бөлімінің басшысы, Испания Корольдігі елшілігіндегі осындай бөлімнің өкілі келді. «Елдестірмек – елшіден» дегендей, олардың барлығы да Қостанай облысымен танысуды мақсат тұтты.

– Елшілерге облысты таныстырудағы басты мақсат – өңірдің инвестициялық қауқарын таныту. Мүмкін осы елдердің бірімен экономикалық мүддеміз тоғысып қалар, – деді облыс әкімінің орынбасары Мұрат Дәрібаев. Мұндай шараны өткізуге облыс әкімдігі мұрындық болған.
Қонақтар алдымен облыс орталығындағы «Достық» үйінде болды. Онда қазақ жерінің бір шалғайы – Қостанайдың түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті тұрып жатқан құт мекен екеніне көздері жетті. «Достық» үйіндегі этномәдени бірлестіктер жұмысымен танысты. Осында жыл сайын өтетін халықаралық «Алтын микрофон» балалар ән байқауының жеңімпаздары күшімен шағын концертті тамашалады. Облыстық тарихи-өлкетану музейін аралағаннан кейін қонақтар «Садчиков» сауын фермасында, кен алыбы – «Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі» акционерлік қоғамында, «Фирма Арасан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Рудный филиалында болды.
Екі күндік сапардың екінші күні облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов дипломатиялық корпуспен кездесті. Облыстағы белгілі кәсіпкерлердің қатысуымен үлкен мәжіліс өтті. Кездесуде шетелдік қонақтар Қостанай облысы экономикасы мен табиғи байлығы туралы хабардар етілді. Одан кейін елшілердің облыс өндірісі және әлеуметтік-мәдени нысандармен танысуы одан әрі жалғасты. Олар конфет шығаратын «Баян сұлу» және шетелдік жүрдек машиналар құрастыратын «АгромашХолдинг» акционерлік қоғамдарын, «Евраз Каспиан Сталь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін, мемлекеттік тілде білім беретін Заречный орта мектебін, көркемсурет галереясын, І.Омаров атындағы қазақ драма театрын, Жеңіс саябағын аралап көрді.
Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА,
«Егемен Қазақстан».
ҚОСТАНАЙ.