Әлем • 22 Шілде, 2019

Украина халқы кезектен тыс Жоғарғы Рада депутаттарын сайлады

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

21 шілдеде өткен Украинадағы парламент сайлауына 22 партия, шамамен 6 мың кандидат қатысты. Экзит-полл қорытындысына сәйкес, Жоғарғы радаға бес партия өтті.

Украина халқы кезектен тыс Жоғарғы Рада депутаттарын сайлады

Киев уақытымен кешкі 20.00-де экзит-полл қорытындысы жарияланды. Оның нәтижесі төмендегідей болды:

  •  43,9% - «Халық қызметшісі» (Владимир Зеленский партиясы);
  • 11,5% – «Өмір үшін оппозициялық платформасы»;
  • 8,9% – «Еуропамен ынтымақтастық» (Петр Порошенко партиясы);
  • 7,6% – «Батькивщина» жалпыукраиналық бірлестік» партиясы (Юлия Тимошенко партиясы);
  • 6,3% – «Дауыс» (Музыкант Святослав Вакарчук партиясы);