Аймақтар • 22 Шілде, 2019

Сенаторлар Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының депутаттары Жеңіс Нұрғалиев пен Серік Бектұрғанов Қостанай облысындағы жұмыс бабындағы сапары аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен кездесті. Депутаттар кездесуде заң шығару жұмыстары мен республиканың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жоспарлары туралы хабардар етті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Сенаторлар Қостанай облысына жұмыс сапарымен барды

Жүздесу барысында агроөнеркәсіп кешенін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді субсидиялау, оның ішінде  ұзақ мерзімге субсидия берудің тиімділігі мен қажеттігі туралы айтылып, мемлекеттің қолдауын талап ететін барлық шығындар субсидияланбайтынына назар аударылды. Мысалы, фунгицидтерге субсидиялардың берілмеуі салдарынан ауыл шаруашылығы саласына едәуір зиян келеді. Бұл мәселе оң шешімін тапса, ауыл шаруашылығының өнімдері ұлғайып, еңбеккерлердің табысы молая түсетін болады.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер тракторлар мен комбайндарға арналған кәдеге жарату алымы бойынша ұсыныстар айтты. Сенат депутаттары ауыл шаруашылығы кәсіпорындары басшыларының барлық ұсыныстарын жазып алып, оларды ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығымен талқылайтындарын жеткізді.