Бүгінде шаһардағы 1073 көшеде жарық шамдары жоқ. Қала шетіндегі 744 көшеге жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу қолға алынған. Оны 2020-2021 жылдары іске асыру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ мегополисте 217 көшені ішінара жарықтандыру шаралары іске асырылады. Мамандардың сөзінше, келер жылы осы учаскелерді қосымша жарық шамдарымен қамту жоспарланған.
Барлық аулаларда энергияны үнемдейтін жарық диодты шамдар қолданылады, бұл электр қуатын 15% үнемдейді. Бұдан басқа жарықдиодты шамдардың тағы бір артықшылығы, нысандарды анық көруге мүмкіндік береді.