Аймақтар • 22 Шілде, 2019

Маңғыстау облысының прокуратурасында бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланды

253 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысының прокуратурасында бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңдегі міндеттер айқындалды. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау облысының прокуратурасында бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары талқыланды

Есептік кезеңде прокурорлармен 158 мың азаматтың құқықтары қорғалып, мемлекет пайдасына 3 млрд теңге өндірілді, 2,5 млрд теңгені құрайтын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды. Прокурорлық қадағалау актілерімен 3,5 мың жұмысшының 407 млн теңге жалақы бойынша берешегі өтелді.

Қылмыстық қудалау саласында алдын алу шараларымен аса ауыр қылмыстардың 18% және ауырлығы орташа қылмыстардың 13% төмендеуіне қол жеткізілді.

Цифрландыру бағдарламасы аясында электрондық форматта 756 қылмыстық іс тергелді, ол жалпы тіркелген істердің 31,5% құрайды.

Прокурорлармен заңсыз ұсталған 9 тұлға қызметтік жайлар мен изоляторлардан босатылды. Сондай-ақ уәкілетті органдармен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, облыстың қылмыстық-атқару мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан 505 тұлға жұмыспен қамтамасыз етілген.

Құқық қорғау қызметтері орталығында прокурорлар 650 азаматты қабылдап, оларға тиісті құқықтық көмек көрсетті.

Алқа қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы прокуратурасының басшылығымен бірқатар тапсырмалар берілді.