23 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, солтүстік, солтүстік-батыстан жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел соғады. Күндіз 40 градусқа дейін қатты ыстық болады.
23-24 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-батыс, батыстан еске желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. 23 шілдеде түнде және таңертең тұман түседі.
Нұр-Сұлтанда 23-24 шілдеде найзағай ойнап, дауыл соғады және бұршақ жауады. Солтүстік-батыс, батыстан еске желдің екпіні 15-18 м/с болады.
23 шілде күні түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды.