Экономика • 23 Шілде, 2019

Патентпен жұмыс істеу тоқтатылады

502 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Келер жылы елімізде бөлшек саудада патентпен жұмыс істеу тоқтатылады. Бұл туралы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында айтылды. Сарапшылар мұның арты жақсылыққа апармайды деп дабыл қағуда. Себебі сауда секторында Қазақстанда 100 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етіп жүр.

Патентпен жұмыс  істеу тоқтатылады

 

Дәл осындай пікір білдірген «Ата­мекен» ҰКП басқарма төраға­сының орынбасары Рүстем Жүр­сінов, бұл мәселені тездетіп қолға алмаса елде наразылық басталуы мүмкін екенін жасырмады.

– Өкінішке қарай, бизнес өкіл­дері бұдан бейхабар. Елімізде 100 мыңнан астам кәсіпкер сауда саласында жұмыс істейді. Осының салдарынан келесі жылы наразылықтар орын алуы ықтимал. Өйткені бұл саудагерлерді күйзеліске әкеліп соқтыратыны даусыз. Жарты жыл бұрын салық кодексін жазарда, патент­тен кету керектігін түсіндік. Десе де жеңілдетілген декларацияға қатыс­ты салық режімін жетілдіру бойын­ша қарымта талабымыз еске­русіз қалды. Айналымдағы капитал­дан салықты алу қисынсыз. Неге де­сеңіз, айналымдағы қаражат­тың дені қарызға алынған. Демек, са­лық банкке төленетін пайыз мөл­шер­лемесінен өндіріледі. Бұдан эко­номикалық логика көріп тұрған жоқпын. Ұлттық экономика минис­трлігімен осы жұмыс биыл орындалады деп келіскен едік. Алайда атқарылған іс шамалы. Қыркүйекке дейін осылай жалғаса берсе үлкен әлеуметтік қыспаққа түсуіміз мүмкін, – дейді Рүстем Жүрсінов.

Ресми статистикаға сенсек, мем­лекеттегі көлеңкелі эконо­мика­ның ең үлкен үлесі көтерме және бөл­шек саудаға тиесілі. Соңғы үш жылда одан ел қазынасына тиген залалдың көлемі ішкі жалпы өнім­де 5,2 трлн теңгеге жеткен. Пар­ламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев отандық бизнестің салық қызметкерлерінен өз активтерін жасыру фактісі әлі де өзектілігін жоғалтпағанын айтты.

–  Былтыр 1500-ден аса эконо­ми­калық қылмыс тіркеліпті. Кей­бір өңірлерде сауда ұйымдарын қол­дау оң жолға қойылған. Бірақ та қолдау түгілі сауда орындарын тартып, шаруаны заңсыз жүргізуге мәж­бүрлеген аймақтар да бар. Нақты­рақ айтсақ, бүгінде «1000 сауда орны» бағдарламасы іске асыры­лып жатыр. Әлеуметтік кәсіп­керлік корпорация саудаға арнал­ған жер телімін ұсынады. Ал кәсіп­керге қандай жерден орын беріледі? Көбінесе кәсіп жүргізуге сүрең­сіз, инфрақұрылымдық желі тартыл­маған шалғай жақтағы орынға ие болады. Осындайда өркениетті сау­даны қозғаудың өзі артық, – дейді Павел Казанцев.

Мемлекеттік кірістер комитеті, бизнестің ашықтығын қамтуда сан­дық технологияның әлеуетіне жүгінуді жөн деп тапқан. Мәселен, са­лықтық әкімшіліктендіруді, сол секілді шот-фактураны электронды нұсқаға ауыстыру ісі қарқын алыпты.

– Визуалды қойма жүйесі арқылы барлық тауар түрлерін бақылайтын боламыз. Оның көмегімен өнді­ру­ші­ден бастап тауардың тұты­ну­шыға дейін жеткізілу барысы қа­да­ғаланбақ. Бұдан бөлек онлайн кассалық аппарат жүйесі енгізі­лу үстінде. Бұл онлайн режімін­де кассалық аппараттың қолданы­луын бақылауға мүмкіндік береді. Со­нымен қатар әкімшілік құқық бұзу­шылық бойынша кэшбэк енгізу бас­тамасын көтердік. Осы арқылы рейд­тік тексерістердің санын азай­туды көздеп отырмыз. Нәтиже­сінде сыбайлас жемқорлық әрекет­терінің алдын алуға болады, – дейді Мем­лекеттік кірістер комитеті төр­аға­сының орынбасары Жайдар Ин­кербаев.   

Ал экономикалық тергеу қыз­метінің басшысы Жанат Элиманов, заңсыз әрекеттердің орын алуына қаржы институттары жол бе­ріп отырғанын жеткізді. Дәлірек айтқанда, елдегі екінші деңгейлі банктер қылмыстық капиталды қолма-қол ақшаға айналдырып, көлеңкелі бизнестің өркендеуіне жағдай жасады дейді ол. Осылайша банктер «Бармақ басты, көз қысты» әрекетке барса керек.

– Қолма-қол ақшаға аудару – бұл қылмыстық жолмен табылған кірісті заңдастыру. Барлық көлең­келі операциялар осы қолма-қол ақша аударумен байланысты. 2017 жылы оның көлемі 35%-ды құраса, 2018 жылы жарты есеге көбейген. Ағымдағы жылы жағымсыз үр­діс жалғасын тауып 31%-ды көр­сет­кен. Неліктен мұн­дай ахуал қалыптасты? Біздің ойымыз­ша екін­ші деңгейлі банктер шала жұ­мыс істеуде. Нақты мысал кел­тіре кетейін. Қарағанды облысын­дағы бір банктің филиалында әлеуметтік жағдайы төмен жас жігіт 4 ай бо­йы еш кедергісіз ақша шешіп отырған. Анықталғандай, ол 7 млрд-тай теңгені алып үлгерген екен. Мән-жайды тергей келе дәл сол жігіт сол банктен, бірақ басқа шот арқылы тағы 4 млрд теңгені ием­ден­гені мәлім болды. Неліктен банк қызметкерлері нашақорлар мен бұрын сотталған азаматтарға мил­лиард­таған қаржыны жымқыруға жол беретінін болжау қиын?! Осы ретте қаржы ұйымдарының жауап­кер­шілігін арттырып, күмәнді опе­рациялар жайлы деректерді дер кезінде хабарлауды міндеттеу қажет деп есептейміз, – дейді Жанат Элиманов.

Биыл Қазақстанда көлеңкелі экономиканың деңгейі 30% мөл­шерінде байқалыпты. Басқосуды қорытындылаған кеңес төрағасы Қайырбек Сүлейменов бизнес және мемлекеттік әріптестік негізінде «бөлшек сауданы» қаржылай және қаржылай емес қолдау бойынша мемлекеттік саясатты қайта қарау қажеттілігін атады.