Қазақ танымында аса құдіретті, өте қадірлі «тектілік» дейтін ұғым бар. Мысалы, атақты жырау Ақтамберді: «Елден елді аралап, Тектіден текті саралап Сынға толса сияғы, Әлбеті шамның шырағы, Мұхиттан сүзіп шығарған, Қымбатты гауһар бағасы...» деп тектіліктің қасиеті туралы толғаса, Сыпыра жырау: «Бай баласы байға ұқсар, Байлаулы тұрған тайға ұқсар. Би баласы биге ұқсар, Алты қанат үйге ұқсар, Хан баласы ханға ұқсар, Биік-биік шыңға ұқсар. Құл баласы құлға ұқсар, Мал таптаған гүлге ұқсар» деп тектіліктің не екенін түйіндепті.

Әрине, жыраулар білмей айтпайды. Өйткені тектілік дегеніміз – адам бойындағы асыл қасиеттер парасаттылық үлгісі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа үзілмей берілетін сабақтастық. Егер бұл дәстүр үзілген-бұзылған жағдайда сол этнос құриды. Мысалы, өткен ғасырлардағы отаршылық кезеңі халқымызды осы тектілік қасиетінен айыруға айрықша күш салды. Кеңестік кезеңде байларды тәркілеу, оқыған ұлт зиялыларының көзін жою әрекеті бұған дәлел. Сонымен қатар отарлаушылар «Халық үшін ең керемет заң – оның дәстүрі» деп ежелгі қытай ілімгері Конфуций айтқандай, жүздеген ғасыр бойымызға атаның қаны, ананың сүтімен дарып, сүйекке біткен асыл тектілік қасиетімізден айырды.
Сол жылдардың зарлы запыраны жайлы айтылған мына бір жоқтауда:
Аспаннан түскен жасын-ды,
Жасынға тіктім басымды.
Теңізден маржан сүзгендей,
Теріп бір алды-ау асылды, – депті. Расында, кеңестік колонизаторлар бізді баға жетпес асылымыздан айырды.
Тарихшы-этнолог ғалым Жамбыл Артықбаевтың сөзімен айтсақ, тектілерді баудай түсірген алапат азапты жылдардан кейін бұл мәселе өз бетімен кетті. Яғни, елді аздыратын тексіз әрекеттер, өркениет үлгісі ретінде ұсынылды. «Тектіден текті туады, тектілік жолын қуады», «Тексізді төрге шығарма» дейтін қазақтың көне ұстанымы жайына қалды.
Тарихшы-әлеуметтанушы Жаңабек Жақсығалиев, тектілік феноменін сақтаудың негізінде – ұзақ уақыт сүзгіден өткен асыл дәстүр, терең ой, ғасырлық өмір тәжірибесі, генетикалық ілім сіңген даналық көзқарас жиынтығы бар, бұл қасиет – ұрпақтан-ұрпаққа қан арқылы, қатаң тәрбие арқылы дариды депті.
Сол сияқты қазақ қоғамының байырғы басқару жүйесі мен генологиялық тұтастығы жайлы кезінде зерттеу жасаған марқұм ғалым-заңгер Нағашыбай Шайкенов, қоғамды берік тұрақтандырушы күш эволюциялық сабақтастық дейді. Яғни, бұл дегенміз – билік мұралаудың тектілік технологиясы.
Бұл үрдісті жер бетінде дамытқан һәм қатаң ұстаған – көшпелілер қоғамы. Яки, біздің ата-бабаларымыз. Мысалы, біздің дәуірдің 575-581 жылдары Түркі қағанатын билеген Таспар (Тобо) дүниеден өткен тұста, ұлыс басқару жарғысы бойынша үлкен баласы Далобян таққа отыруы тиіс еді. Бірақ орданың би-бектері бұған келіспей басқа әйелінен туған Аньлоны таққа отырғызды. Жолы бола тұра тақсыз қалған Далобянға тағылған айып, оның шешесінің тексіз жерден шыққандығы. Сол сияқты моңғол үстіртінде ұлы көшпенділер империясын құрған Шыңғыстың кезінде онымен үзеңгі қағыстырып, тіпті қажет болса Шалкиіз жырау айтқандай, «тепсініп келгенде тебінгінің астынан ала балта суырысып, тең атаның ұлындай» мықтылық таныта алатын Жамуқа шешен деген ноян болды. Көптеген тарихшылар бұл адам Темүжиннен артық болмаса, бір мысқал кем емес еді дейді. Бірақ Жамуқа ешқашан хан болмайды. Себебі Темүжиннің түп атасы Боданшардан Қабыш батыр туады. Қабыштан – Менен, одан Қаши күлік, одан Қайду, одан Байшоңқыр, одан Тұмбынай шешен, осы Тұмбынайдан қағанның ұлы атасы Қабыл хан, Қабылдан Бартан батыр туады. Бартан батыр Есукей баһадүрдің әкесі. Осы Есукейден – Темүжин. Біздің айтпағымыз ертеде жоғарыдағы Боданшар қол бастап барып, қоңсы отырған жадыран-жаршыт тайпасын шауып, олжаға түскен сұлу әйелді қатындыққа алыпты. Сөйтсе бұл бейбақтың аяғы ауыр екен. Одан ер бала туады. Боржығындар (тайпа атауы) баланың атын Туғадай деп қойып, оны туған ұлдарындай сіңіріп кетеді. Жоғарыдағы атақты Жамуқа осы Туғадайдың жетінші ұрпағы. Қысқасы қанша батыр болса да жетінші атасы жат болғандықтан оған қағандық орын мәңгілікке бұйырмады.
Сөзімізді түйіндеп айтсақ, адам баласы тектілігін сақтаудың арқасында өзінің ұлттық қасиетін және ұлыс бірлігін жоғалтпаған. Өйткені тектілік феномені – ұлттың бойындағы қорғаныс қабілеті.
Елімізде нотариалдық құжаттар QR кодпен берілетін болады
Қоғам • Бүгін, 16:30
Футболда ел атауын жейдемен бүркемелейміз бе?
Спорт • Бүгін, 16:17
Петропавлда мас жүргінші әскери жасаққа шабуыл жасады
Аймақтар • Бүгін, 16:01
Ауа райы • Бүгін, 15:48
Досын өлтірген павлодарлыққа үкім шықты
Аймақтар • Бүгін, 15:47
Қазақстандық таеквондошы Испанияда жүлде алды
Спорт • Бүгін, 15:40
Елордада мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері таратылуда
Қоғам • Бүгін, 15:39
Алексей Цой: Коронавируспен ауырғандар саны күн санап азайып келеді
Медицина • Бүгін, 15:37
Коронавируспен күреске 265 млрд теңге бөлінеді
• Бүгін, 15:31
Атырауда жоғалған 4 жасөспірім табылды
Аймақтар • Бүгін, 15:20
26 сәуірден бастап Түркияға ұшатын рейстер қысқарады
Қазақстан • Бүгін, 15:16
Елордада күніне 650-ге жуық адамнан вирус анықталады
Коронавирус • Бүгін, 15:06
Әкімдіктің бұрынғы қызметкері әйелін пышақтап өлтірді
• Бүгін, 15:00
Асхат Аймағамбетов біліктілікті арттыру бағдарламаларын жаңартуды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:55
Санкт-Петербургте бокстан халықаралық турнир басталды
Спорт • Бүгін, 14:35
Елорда мен Шымкентте жылжымайтын мүлікке кепілді электронды тіркеуге болады
Бағдарламалар • Бүгін, 14:20
Футболдан ҚПЛ ойындарының алтыншы туры аяқталды
Спорт • Бүгін, 13:57
Нотариаттық құпия ұғымы анықталды
Үкімет • Бүгін, 13:36
Қазақстанның 10 боксшысы жартылай финалға шықты
Спорт • Бүгін, 13:18
Жамбыл облысында кадрлық тағайындаулар жиі орын алуда
Аймақтар • Бүгін, 13:03
PhD дәрежесін қорғау ережелеріне өзгерістер енгізілді
Білім • Бүгін, 12:57
Қарағандылықтың көлігінен 274 киік мүйізі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 12:47
Қарағандыда 9 жыл бұрын кісі өлтірген қылмыскер сотталды
• Бүгін, 12:42
Нұр-Сұлтанда 65 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцина алды
Коронавирус • Бүгін, 12:37
Президент Орталық сайлау комиссиясының төрағасын қабылдады
Президент • Бүгін, 12:35
SpaceX Қазақстанды интернетпен қамтамасыз етуі мүмкін
Технология • Бүгін, 12:28
Алматыда жолаушылар автобусы өртенді
Аймақтар • Бүгін, 12:24
Үстел теннисінен биылғы әлем чемпионаты өтетін уақыт белгілі болды
Теннис • Бүгін, 12:15
Алматы орталығында түнде көлікпен жарысқандар ұсталды
Қоғам • Бүгін, 12:13
Елордада тағы бірнеше вакцина пункттері ашылады
Елорда • Бүгін, 11:57
Алматыда жалған доллар жасағандар жазаланды
Қоғам • Бүгін, 11:44
Өскемен, Семей, Аягөз қызыл аймақта
Аймақтар • Бүгін, 11:43
Жамбыл облысы әкімдігінің екі басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 11:35
Семейде жемқорлыққа қарсы қызмет бойынша әкімшілік кодекстегі жаңалықтар түсіндірілді
ANTIKOR • Бүгін, 11:35
ПТР анықтамасы жоқ жолаушылар ұшаққа отырғызылмайды
Қоғам • Бүгін, 11:31
Нұр-Сұлтанда жеке тұрғын үйден өрт шықты
• Бүгін, 11:29
«Хан моласы» қазба орнында зерттеу жұмыстары жүріп жатыр
Руханият • Бүгін, 11:07
Алдағы 5 жылда 315 ауыл мектебі салынады – Мамин
Үкімет • Бүгін, 11:05
Биыл ел экономикасының өсу болжамы 3,1%-ға дейін жақсарды
Экономика • Бүгін, 10:56
Мектеп оқушылары арасында вирус жұқтырғандар көбейді
• Бүгін, 10:54
Қоғам • Бүгін, 10:45
3,5 мың ауыл 100% сапалы ауыз сумен қамтылады
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Тоқаевтың тапсырмасымен төрт шенеунік қызметінен кетті
Қазақстан • Бүгін, 10:27
Мамин халықты вакцинамен қамтуды кеңейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 10:22
Еліміздің 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Қазақстан • Бүгін, 10:11
20 cәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 10:10
733 980 қазақстандық вакцина салдырды
Коронавирус • Бүгін, 09:58
Қостанай облысында балықтар қырылып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 09:42
Коронавирус. Елімізде 39 мыңдай адам емделуде
Коронавирус • Бүгін, 09:41
Ақсуда балаларын сабаған тұрғын заң алдында жауап беретін болды
Қоғам • Бүгін, 09:20
Алматыда қандай көшелер Үлкен Алматы айналма жолына дейін өтеді
Аймақтар • Бүгін, 09:15
Коронавирус пен пневмониядан тағы 33 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 09:12
Таразда жүргізуші куәлігін сатқан алаяқ ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 09:08
Өткен тәулікте 2 084 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Коронавирус • Бүгін, 08:59
Саясат • Бүгін, 08:52
Технология • Бүгін, 08:43
«Құрметті азамат» атануыма көмектесші...»
Руханият • Бүгін, 08:38
Экономика • Бүгін, 08:32
Теріскейде дала жұмыстары басталды
Экономика • Бүгін, 08:26
Азия чемпионатын табысты бастады
Ауыр атлетика • Бүгін, 08:24
COVID-19: Планетадағы жағдай тұрақсыз
Әлем • Бүгін, 08:16
Ресей Халықаралық ғарыш стансасынан шығады
Әлем • Бүгін, 08:14
Әлем • Бүгін, 08:12
Руханият • Бүгін, 08:01
Атлах-Талас шайқасы (Ұлы жеңіске 1270 жыл толуына орай)
Таным • Бүгін, 07:59
Сауда орталығындағы екпе кабинеті
Аймақтар • Бүгін, 07:56
Ұжымдық иммунитет үшін вакцина салдыруда
Қоғам • Бүгін, 07:55
Қоғам • Бүгін, 07:55
Аймақтар • Бүгін, 07:52
Компьютер қазақша мәтінді дыбыстай алады (Назарбаев Университет ғалымдарының жаңа өнімі)
Технология • Бүгін, 07:50
Ұқсас жаңалықтар