Экономика • 23 Шілде, 2019

Роман Скляр China Railway Capital Co компаниясының өкілдерімен кездесті

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Қытайдың өзара іс-қимыл аспектілерін талқылады. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейдегі қарым-қатынастарын және екі елдің болашақ өзара іс-қимылының жоспарларын атап өтті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Роман Скляр China Railway Capital Co компаниясының өкілдерімен кездесті

Министрліктің мәліметі бойынша, Қытай Қазақстанның сыртқы сауда құрылымында екінші орынды алады.

«2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Қытаймен сыртқы саудасы 11,1%-ке өсті және 11,7 млрд АҚШ долларын құрады», деді Роман Скляр.

2013 жылы Қазақстан астанасында ҚХР Төрағасы Си Цзинпиньдің мемлекеттік сапары кезінде «Бір белбеу-бір жол» бастамасы айтылды. Осы бастамаға қазіргі уақытта 122 мемлекет пен 30 халықаралық ұйым қосылды. Бұл жоба жаһандық ІЖӨ-нің 40%-ін және әлемнің 4,4 млрд халқын қамтиды. Бұл ретте, осы бастамамен қарастырылған 3 құрлықтағы 2 маршрут Қазақстан аумағы бойынша өтеді.