Экология • 23 Шілде, 2019

«Қазгидромет» РМК «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жалғастырды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 2019 жылғы 20 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында басталған #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдады.

«Қазгидромет» РМК «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жалғастырды

«Қазгидромет» орталық аппаратының қызметкерлері Қоянды су қоймасының жағалауындағы қоқыстарды тазарту бойынша экологиялық сенбілікке белсене қатысты. Іс-шараға Министрлер кабинетінің мүшелері, еліміздің қоғамдық ұйымдары мен экологиялық қауымдастықтарының өкілдері, волонтерлер, жастар, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне немқұрайлы қарамайтын азаматтар қатысты. Акцияға барлығы 2000 адам қатысып, 26 кв км астам аумақ тазаланды. Нәтижесінде 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды.

27 шілдеде «Қазгидромет» филиалдарының қызметкерлері Қазақстанның барлық облыстарында экологиялық эстафетаны қабылдайды. «Қазгидромет» аймақтық филиалдары #Birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдауға шақырады.