Үкімет • 23 Шілде, 2019

Асқар Мамин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Асқар Мамин «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Отырыста қаржылық нәтижелерге қол жеткізу, капитал нарықтарында қаражат тарту, кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй қолжетімділігін арттыру, клиентке бағдарланған практикаларды дамыту тұрғысынан Холдинг қызметінің негізгі көрсеткіштері қаралды. 

2018 жылдың қорытындысы бойынша Даму жоспарын орындау бойынша есепте ұсынылған ақпаратқа сәйкес, кірістер жоспардағы 346,6 млрд теңге кезінде 107,6%-ға орындалды және 372,9 млрд теңгені құрады, таза пайда 174%-ға орындалды және 34,72 млрд теңгені құрады (жоспар – 19,98 млрд теңге). «Бәйтерек» холдингінің активтері жыл соңына 4 719 млрд теңгені құрады (жоспардан 103%). 

Отырыс барысында 2018 жылғы жылдық есеп, даму жоспары мен даму институтының жылдық бюджетінің орындалуы туралы есептер бекітілді.

Бұдан өзге, Директорлар кеңесі Холдингтің Корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі 2019–2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекітті, онда корпоративтік басқаруды одан әрі дамытуға бағытталған 47 іс-шара бар. Сондай-ақ кейіннен Жалғыз акционердің бекітуі үшін компанияның корпоративтік басқару кодексіне өзгерістер мен толықтырулар алдын ала қаралды.

Директорлар кеңесінің мүшелері Холдингтің Ішкі аудит қызметінің 2019 жылғы II тоқсандағы есебін бекітті және тауарларды, даму институтының жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді.