Кездесу барысында шетелдік инвестициялар мен заманауи инновациялық технологияларды тарту мәселелері талқыланды. Инвестициялық холдинг ел экономикасына инвестиция салудың артықшылықтарымен танысып, бірлескен жобаларды іс жүзінде жүзеге асыруға қызығушылық танытты.
SoftBank Investment Advisers венчурлік қаржыландыруға мамандандырылған және әлемдегі ең ірі инвестициялық қорлардың бірі, нарықтық капитализациясы $100 млрд құрайтын SoftBank Group бөлігі. Қор Alibaba, Yahoo, Uber секілді жаһандық технологиялық көшбасшылардың акцияларының иесі.