Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Ертең үш облыста қатты жел соғып, жаңбыр жауады

743 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 шілдеде Қостанай, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында қатты жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

Ертең үш облыста қатты жел соғып, жаңбыр жауады

Таңертең және күндіз 24 шілдеде Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай күтіледі.  Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, күші күндіз кей жерлерінде 18 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95%

24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл. Күндіз кей жерлерде бұршақ. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Өскемен қаласында 24 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Семей қаласында 24 шілдеде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз 24-25 шілдеде Маңғыстау облысының кей жерлерінде 43 градус өте қатты ыстық сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 95-100 %.


Соңғы жаңалықтар