Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында шахмат турнирі өтеді

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада Бүкіләлемдік шахмат күніне орай мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шахмат турнир өтеді.

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында шахмат турнирі өтеді

Айтулы бастаманы «Алматы» спорт клубы, Қазақстан Республикасының Зағип спортшылар одағы және «ЗНКААРК» РММ ұжымы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Халықаралық шахмат күні Дүниежүзілік Шахмат Федерациясының бастамасы бойынша 1966 жылдан бері атап өтіліп келеді. Халықаралық Шахмат Федерациясының күні (ФИДЕ) 20 шілде 1924 жылы Парижде құрылған. Айтулы датаға биыл 95 жыл.

Шара жыл сайын Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана ұжымының бастамасы бойынша қолға алынған. Өтетін күні мен уақыты: 27 шілде 2019 жыл, 10.00 – 14.00.

АЛМАТЫ