Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Атырауда «Бақытты отбасы» бағдарламасы бастау алды

1309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Бақытты отбасы» бағдарламасы Атырауда да іске қосылды. Оған қатысу үшін баспанаға мұқтаж, аз қамтылған отбасының бір мүшесіне кіріс 42 500 теңгеден аспауы керек.

Атырауда «Бақытты отбасы» бағдарламасы бастау алды

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Мұрат Иғалиев: «Бұл бағдарлама қазір жалдамалы пәтерлерде, уақытша тұрақтарда тұрып жатқан, бастапқы жарнаға ақша жинай алмайтын отбасыларды қолдауға арналған. Басты талап – отбасылар аз қамтылған болуы тиіс», дейді. 4 және одан да көп балалары бар отбасылар, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасылар осы бағдарлама арқылы тұрғын үйге қол жеткізе алады. Өтінім берген кезде отбасы мүшелерінің атында жеке баспаналары болмауы қажет. Бағдарламаны жүзеге асыруға облыста 2,5 млрд теңге бөлініп отыр. Үй кезегінде тұрған 25 мыңға жуық тұрғынның 8 мыңы аз қамтылған отбасылар.

«Тұрғын үй құрылыс банкінің» облыстағы бөлімшесінің басшысы Нұрбол Құрманның айтуынша, несие жылына 2 пайыздық мөлшерлемемен, 10 пайыздық бастапқы жарнамен 19 жылға беріледі.