Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Мағзұм Мырзағалиев қайтыс болған инспектордың туған-туыстарына көңіл айтты

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев браконьер оғынан қаза тапқан инспектордың туған-туыстарына көңіл айтты.

Мағзұм Мырзағалиев қайтыс болған инспектордың туған-туыстарына көңіл айтты

«Бүгін браконьерлерді ұстау кезінде Охотзоопром инспекторы Қаныш Нұртазинов қаза тауып, Оспанов Самат ауруханаға түсті. Қызметтік міндетін орындау кезінде көз жұмған марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамын. Олардың отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі» делінген министрдің тwitter парақшасында. 

Айта кету керек, бүгін Ақмола облысында киік қорғаған екі инспекторға оқ тиіп, біреуі қайтыс болды. Қаза тапқан инспектордың аты-жөні Қаныш Серікұлы Нұртазинов. 1976 жылы 24 қаңтарда дүниеге келген. Нұртазинов «Охотзоопром» мекемесіне 2016 жылы 5 қаңтарда жұмысқа алынған. Марқұмның соңында 3 қызы мен 2011 жылғы бір ер баласы және жұбайы қалды.