Аймақтар • 23 Шілде, 2019

Атырауда стационарлы полиция бекеті ашылды

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаңа бекеттер арқылы учаскелік полиция инспекторлары өздеріне бекітілген аумақтарда халықпен тығыз қарым-қатынаста болады. Полицияның халыққа қажет жағдайда дереу көмекке келуіне, құқықбұзушылықтарға дереу әрекет етуіне мүмкіндік беретін нысанның ашылу салтанатына облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов қатысты,-деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырауда стационарлы полиция бекеті ашылды

- Кез келген аймақтың даму деңгейі оның қоғамдық тәртібінің тұрақтылығымен және азаматтардың құқығын қамтамасыз етуімен анықталады. Жергілікті әкімдік тарапынан бұл бағыттағы ел Президентінің тапсырмасы толықтай орындалып жатыр және органдардың мәртебесін арттыру бағытында біраз шаруа атқарылуда. Бүгінгі көрсетілген қолдау олардың халық алдындағы міндеттерін еш кедергісіз, адал орындауларына оң әсерін тигізеді деген сенімдемін, - дейді Серік Шапкенов.

Облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтың айтуынша, жоба аясында осындай стационарлы полиция бекеттері ашық, халыққа көрінетін және ыңғайлы орындарда, еркін түрде кіруге мүмкіндік беретін, халық пен полиция қызметкерлерінің қауіпсіздік талаптарына сай жерлерде орнатылады.

- Жоба жергілікті атқарушы және прокуратура органдарымен бірлесіп әзірленген. Бекет қылмыстылық картамен, заманға сай жабдықтармен, компьютермен және ҚР ІІМ-нің арнайы базасымен қамтамасыз етіледі. Болашақта осы бекеттердің тәулік бойына жұмыс істеуі қылмыстылықты тежейтін факторлардың бірі болмақ, кез келген құқық бұзушылыққа жедел әрекет етіп, облыс орталығындағы қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етеді, -  дейді Атырау қаласының прокуроры Аршат Тайтуллин.

 

Атырау