Қоғам • 24 Шілде, 2019

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көп балалы отбасыларға 2% мөлшерлемемен несие береді

1167 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінде тұрғын үй мәселесі отандастарымызды толғандырып отырған өзекті әрі күрделі мәселелердің бірі. Осы орайда, Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі талай отбасын ерен қуанышқа бөлеп, өз баспаналарына қол жеткізулері жолында көптеген шараларды жүзеге асыруда. Банк жұмыс істеп келе жатқан 16 жылдың ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің көмегімен 170 мыңнан астам қазақстандық азамат баспана жағдайын жақсарту мүмкіндігін алды. Әсіресе, көп балалы отбасылардың мүдделерін қорғау және олардың баспана мәселесін шешу бүгінде банктің басты міндеттерінің бірі болып отыр.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көп балалы отбасыларға 2% мөлшерлемемен несие береді

Банк статистикасына сүйенсек, осы жылдың қаңтарынан бастап маусым айына дейінгі аралықта Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде депозит ашқандардың 62%-ы әйелдер болса, ал 38%-ы ер адамдарға тиесілі. Бұл көрсеткіш банктен депозит ашып, ақша жинай бастау туралы бастама көп ретте әйелдерге тиесілі екенін айқын дәлелдейді. Өйткені өз үйі жоқ адамның ешқашан күйі болмайтыны баршамызға аян. Өкінішке қарай, қазіргі кезде табыстың аздығы мен әлеуметтік жағдайдың төмендігі талай отбасыны пәтер жағалатып, біреудің баспанасын жалдауға мәжбүрлеп отырғаны белгілі. Осы мәселені ескере отырып, биылдан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі баспанаға мұқтаж, жергілікті атқарушы органда тұрғын үй алуға кезекте тұрған көп балалы, толық емес отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға 2% мөлшерлемемен несие беруді жос­парлап отыр.

Ең бастысы, бұл бағдарлама еліміздің отбасылық-демо­гра­фия­лық саясатты басқару жөнінде­гі ұзақ мерзімді стратегиясына дем береді.

Осы арада еске сала кеткен жөн, көп балалы отбасылар­ды қолжетімді баспанамен қамта­ма­сыз ету керектігі жайында Мемлекет басшысы Nur Otan пар­тиясының XVIII съезінде айтқан болатын. Аталған тапсырманы жүзеге асыру мақсатында Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкі «Нұрлы жер» мемлекеттік бағ­дар­ламасының аясында жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтуға бағытталған жаңа бағдар­ла­маны әзірлеп шығарды.

Енді кезекте тұрған көп ба­ла­лы жандарды қуанышқа бө­лей­тін бағдарламаның шарттарына сәйкес, отбасы мүшелерінің меншік құқығында тұрғын үй тіркелмеген төрт немесе одан да көп баласы бар, сондай-ақ толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар осы бағдарлама аясында жеңілдетілген несие алып, болашақ баспаналарына қол жеткізе алады.

Өз кезегінде Үкімет тарапынан жыл сайын Тұрғын үй құ­ры­лыс жинақ банкіне аталған бағ­­дарламаны жүзеге асыру мақ­­са­тында 50 миллиард теңге көле­мін­де қаражат бөлінбек. Жаңа бағ­дарлама шарттары бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Аты­рау, Ақтау және Шымкент қала­ла­рын­да берілетін несиенің максималды сомасы 15 миллион теңгеге дейін болса, ал қалған өңірлерде бұл көрсеткіш 10 миллион теңгені құрайды.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басқарма төрайымы, және отбасы мүдделерін қор­ғау, әйелдердің елдегі саяси, әлеу­мет­тік, экономикалық және мәдени өміріне қатысуы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету мақса­тында құрылған Қазақстан Рес­публикасы Президенті жа­нын­­да­ғы Әйелдер істері және отба­сылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Ләззат Еркенқызының айтуынша, тек биылдың өзінде банк 6 мыңға жуық отбасын бас­па­намен қамтамасыз етуді бас­ты мақсаттардың қатарына қойып отыр. Үкімет жоспарына, сондай-ақ Елбасы берген тап­сыр­маға орай, 7-8 жыл ішінде аталған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында жыл сайын осы көлемде қаражат бөлу қарастырылған.

Ал енді несібелі несиеге қол жеткізудің тәртіптері төмен­де­гідей. Тұрғын үй құрылыс жи­нақ банкінде бұрын-соңды бол­ма­ған кезекте тұрған ең арзан несие ала алатындар санатына жататындарға жылдық 2% мөлшерлемемен 19 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бас­пананың бастапқы жарнасы – 10 %.

Жалпы, осы бағдарлама ар­қы­лы кезекте тұрған көп балалы, толық емес отбасылар мен мүгедек бала­лары бар отбасылардың уа­қытша тұрағынан не жалға алған пәтерінен өз баспаналарына көшуіне даңғыл жол ашылмақ. Оның үстіне, олар енді пәтерді тек жаңа салынған үйлерден ғана емес, сондай-ақ қайталама на­рық­тан да таңдап, сатып алуларына болады. Бағдарлама талабына сай, кезекте тұрған көп балалы, толық емес отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасылар өздерінің тұрғылықты тіркелген жерде орналасқан тұрғын үйді ғана сатып алуы мүмкін.

Мүдделі оқырмандарға түсі­нік­ті болу үшін мысал келтіре кетсек, егер отбасы 8 миллион теңгелік пәтер тапса, онда бастапқы 8 жыл ішінде ол ай сайын 42 мың теңгеден төлейтін бо­лады. Ал қалған 11 жыл ішінде тұр­ғын үй заемы бойынша 27 400 тең­геден төлеп тұрады.

Тағы бір айта кететін маңызды жайт, жеңілдетілген несие беру бағ­дарламасы бойынша отбасы мүшелерінің адам басына шаққандағы кірісі 42 500 тең­ге­ден аспауы тиіс. Мәселен, егер отбасы 4 адамнан тұрса, онда олардың жалпы кірісі 212 500 теңгеден артық болмауы керек. Ал егер отбасының айлық табысы жоғарыда көрсетілген мөл­шер­ден асып кетсе, онда ол осы бағдарламаға қатыса алмайды.

Жоғарыда атап өткендей, оқырманнан сүйінші сұратқан мұндай сауапты бағдарлама елі­міздегі отбасылық-демо­гра­фиялық саясатты басқару жө­нін­де­гі ұзақ мерзімді стратегияны жасауға жол ашып берері сөзсіз.

 

АЛМАТЫ