Спорт • 24 Шілде, 2019

«Астана» - «Санта-Колома» ойыны тең есеппен аяқталды

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордалық «Астана» футбол клубы Андоррада Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңінің аясында жергілікті «Санта-Колома» командасымен кездесті. Ойын 0:0 есебімен аяқталды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

«Астана» - «Санта-Колома» ойыны тең есеппен аяқталды

Қарымта матч 1 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Еурокубоктың кезекті ойын күнінен кейін Қазақстан УЕФА-ның коэффиценттер кестесінде бір саты көтеріліп, соңғы бес маусымның 17,500 нәтижесімен 24 орынға табан тіреді. Дәл осындай коэффицент Беларусь елінде, ал Израиль 23-орынға орналасты (18,125).

Еске сала кетейік, отандық өзге командалар ертең Еуропа Лигасындағы матчтарын өткізеді. «Ордабасы» Чехияда «Млада-Болеслав» клубымен, ал «Қайрат» Израильде Беэр-Шевадан келген «Хапоэль» командасымен кездеседі.