17 Мамыр, 2013

Мия – миллиондап пайда әкеледі

396 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мия – миллиондап пайда әкеледі

Жұма, 17 мамыр 2013 1:44

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қызыл мия тамырын өңдейтін зауыттың іргетасы қаланды. Негізі «БИС-групп» ЖШС 2015 жылға дейін үш зауыт салуды жоспарлаған екен. Соның қызыл мия тамырынан ертінді дайындайтын бірінші зауытының құрылысы жылдың соңына дейін салынып, өндіріс іске қосылады. Ал жоба құны 1,887 миллион теңге. Кәсіпорынның бас директоры Ділдахан Ахметовтың айтуына қарағанда, бұл жоба еліміздің индустриялық-инно­ва­­ция­лық даму бағдарлама­сына енгі­зіл­ген.

Жұма, 17 мамыр 2013 1:44

Қызылорда облысының Жалағаш ауданында қызыл мия тамырын өңдейтін зауыттың іргетасы қаланды. Негізі «БИС-групп» ЖШС 2015 жылға дейін үш зауыт салуды жоспарлаған екен. Соның қызыл мия тамырынан ертінді дайындайтын бірінші зауытының құрылысы жылдың соңына дейін салынып, өндіріс іске қосылады. Ал жоба құны 1,887 миллион теңге. Кәсіпорынның бас директоры Ділдахан Ахметовтың айтуына қарағанда, бұл жоба еліміздің индустриялық-инно­ва­­ция­лық даму бағдарлама­сына енгі­зіл­ген. Шығарылатын өнім 100 пайыз экспортқа бағыт­талған. Мамандар зауыттан шығарылатын қызыл мия тамы­рының ертіндісінен бөлек, 1200 түрлі медициналық пре­па­рат­тарға қажетті шикізат дайындайтын болады. Әлемдік рынокта қызыл мия тамырына Германия, АҚШ, Түркия, Жапония елдері ерекше сұраныс танытып отыр. Осы зауыт толық қуатында іске қосылғанда 320 адам жұмыспен қамтылады.

Салтанатты рәсімде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев инвесторларға жобаның жүзеге асуына жергілікті билік тарапынан барынша қолдау жасалатынын мәлімдеді. Ал Жалағаш ауданының әкімі Серік Сермағанбетовке аймақ басшысы жоба толық іске асқанға дейін жіті бақылап, жәрдемдесуді тапсырды. Кәсіпорын тек қызыл мия тамырын өңдеп қана қоймай, сұранысқа қажетті 2000 гектар жерге қызыл мия егетін болды. Өндіріс жылына 22 мың тонна қызыл мия тамырын өңдейді. Мамандар қазірде Қызылорда облысында 80 мың гектар алқапта қызыл мия қорының барын айтып отыр.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.