Слет мақсаты - «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобасы аясында азаматтардың бойында адалдық қасиеттерді нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ашылған «Маңғыстау – адалдық алаңы», «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» жобаларының және «Адал ұрпақ» клубының аясында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Аталған шара «Балдәурен» жазғы демалыс лагерінде өңірдің қала және ауданнан келген оқушылар арасында зияткерлік ойын форматында өткізілді.
Барлық топ мүшелері сайыс барысында белсенділік танытып, берілген сұрақтарға жауап берді.
Сайыс соңында қазылар алқасының шешімімен «Арыстан» тобы 1-ші орынды, «Қыран» тобы 2-ші орынды, «Барыс» тобы 3-ші орынды иеленсе, «Бірлік» тобы сайысқа белсене қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.