18 Мамыр, 2013

Күріш кластерін дамыту қолға алынды

283 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Күріш кластерін дамыту қолға алынды

Сенбі, 18 мамыр 2013 2:30

Қызылорда облысында «Күріш кластерін дамыту» жобасы қолға алынды. Ол үшін арнайы консорциум да құрылмақ. Дегенмен, күріш кластерін дамытудың алғашқы жұмыстары басталып та кетті. «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік кор­порациясы Жалағаш ауда­нын­дағы «Жалағаш элеваторы» ЖШС-не қарасты өнді­ріс­тік нысанды сатып алды.

Бұл өндірістің қуаты 80 мың тонна күріш ақтауға жетеді. Тоғыз қойманың әрқайсысында 1700 тонна күрішті сақтауға мүмкіндік бар. Жеке кәсіпкерлер арасында қолдан-қолға сатылып келген элеватор ұзақ жылдар бойы толық қуатында жұмыс істемей келген екен. Алып кешен соңғы жылдары 7 мың тоннаға жетер- жетпес күріш ақтағаны соның айғағы болса керек. Осыны негізге алған «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы жеке кәсіпкерден сатып алып, оның басқару құзыретін «Агрохолдинг «Байқоңыр» серіктестігіне берді.

Аталған серіктестіктің ат­қа­ру­шы директоры Алмас Серекеев шаруа қожалық жетекшілері кү­рішті арзан бағаға өзге дел­дал­дарға өткізе салмай, осы же­р­ден өнімін сапалы өңдеп, тиімді бағаға сатуына жол ашылады, дейді.

Элеватор басында шаруа қо­жалығы жетекшілерімен кездескен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев осы элеватор негізінде күріш кластерінің қалыптастырылатынын жеткізді. Жуық арада шаруа қожалықтары арасындағы жұ­мыс жүйеленіп, барлық тарап­тарға тиімді ұсыныстар жасалады.

Ал болашақта элеваторда күрішті ақтап қана қоймай, одан крахмал өндіру ісі де қолға алынбақ. Сонымен бірге, бұл өндірісте бидай тартып, нан өнімдерін шығару да жоспарланып отыр.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қызылорда облысы.