Аймақтар • 24 Шілде, 2019

Маңғыстауда «Заңсыз келуші-2019 жаз» іс-шарасы өтуде

349 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылға дейін кезеңде заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылдың ұжымдық жүйесін дамыту жөніндегі Ұжымдық қауіпсіздік туралы Шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әрекеттерін жоспарының» 2.1-тармағына және Маңғыстау облысы ПД-нің 15.07.2019 жылғы №486 бұйрығына сәйкес республикалық «Заңсыз келуші-2019-жаз» жедел профилактикалық іс-шарасының 2-кезеңі өткізілуде.

Маңғыстауда «Заңсыз келуші-2019 жаз» іс-шарасы өтуде

Аталған іс-шараға Ішкі істер органының 108 қызметкері жұмылдырылды және 20 бірлескен ұтқыр топтар құрылды.

Іс-шараның төрт күнінде шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 517 бабы) 753 шетелдік, шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 518 бабы) 63 ҚР азаматы тартылды,сондай-ақ           шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тартқаны үшін (ҚРӘҚБтК-нің 519 бабы) 33 тұлға тартылып, қабылдау-тарату орынына 59 азамат қамалды.      Сот органдарының шешіміне сәйкес елден тыс жерге 75 шетелдік шығарылды,      753 шетелдіктің уақытша болу мерзімдері қысқартылды және      Ішкі істер органдарында 753 адам есепке алынды, оның ішінде: дактилоскопияға және «Бейне++» есебіне енгізілді.

Сотқа дейін тергеп тексерудің біріңғай тізіліміне сәйкес 2 шетелдік азаматына қылмыстық іс қозғалды (ҚР ҚК 430 бабы бойынша «Сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін не атқарушылық құжатты орындамау», ҚР ҚК 392 бабы т.1 бойынша «ҚР-ның Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз өту» - 1 );

Анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің тиісті баптарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Маңғыстау облысы