Озық ойға – өріс кең
Сейсенбі, 21 мамыр 2013 1:05
Қазір инновацияны дамытуға баса маңыз беріліп отыр. Индустриялық қуаттарды арттыруға, өндірісті жаңғыртуға кең жол ашатын бұл міндетті іске асыруда Қарағанды аймағының зияткерлік әлеуеті жоғары саналады. Сондықтан күшін біріктіріп, ортақ мақсатқа жұмылдыру үшін өңірдің инновациялық кластерін қалыптастыру жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес құрылды. Оның алғашқы мәжілісінде облыс әкімі Бауыржан Әбдішев пәрменді инновациялық жүйе құрылуы қажеттігін атап, жаңа жобаларды жасауға ғылыми-зерттеу институттары ғалымдарының, салалық кәсіпорындар мамандарының, кәсіпкерлер қауымдастығы өкілдерінің ұтқыр ұсыныстарын барынша пайдалануға ерекше мән берілетіндігіне тоқталды.

Аталған кеңестің қызметі мен облыстың экономикасының базалық салаларындағы инновациялық кластерді дамыту мәселелері жөнінде «Сарыарқа» технопаркі» ЖШС директоры Алексей Цой жасаған баяндамада қойылып отырған негізгі талаптар ортаға салынды. Қатысушыларға Сәулеттік бюро директоры Семен Болотник ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қарағандылық инженерлер ұсынған үш жоба, солардың бірі Астана мен Алматы аралығында жылдам қатынайтын «Бүркіт» жолаушылар пойызы темір жол құрылысы таныстырылды. Бұл бағытта «Бүркіттің» жылдамдығы сағатына 400 шақырымнан аспақ. Сондай-ақ, осы темір жол өзіне қажетті энергияны күн және жел генераторлары арқылы алатындықтан, экологиялық таза жоба болып табылады. Кеңес мүшелері жобаны жан-жақты талдап, қолдау танытты. Ал электр энергиясының балама көздерін іздестіруге қатысты «Тұрғын үйлер мен өнеркәсіптік ғимараттардың саңылаулы іргетасы» мен «Экологиялық таза гидродинамикалық жылытқыштарды сериялық өндіру үшін техникалық құжаттаманы дайындау» жобалары да пайдалы деп табылды.
Осындай инновациялық жобаларды дамыту қорын құру үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінетін болды.
Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».