Аударма саласында қарымды еңбек етіп жүрген әріптесіміз Тұрсынбай Жандәулеттің қазірге дейін жеті кітабы, «Қазақ ұлттық идеологиясының мәселелері» атты ғылыми монографиясы жарық көрген. Қаламгер орталық телеарналарға арнап мыңнан астам фильмді, сондай-ақ отызға жуық туындыны қазақ тіліне тәржімалаған. Ол аударған кітаптардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаты, испан жазушысы Камило Хосе Селаның романдары, Карл Поппердің екі томдық «Ашық қоғам және оның жаулары» атты күрделі философиялық шығармасы бар. «Дегдар», «Тәуелсіздік толғауы» әдеби сыйлықтарының иегері Т.Жандәулеттің осы жылы «Творение цифры: Атлантида – Казахия» атты ғылыми-фантастикалық романы орыс тілінде жарық көрді. Шағын сұхбатымызда автор осы және отандық әдебиеттің басқа да толғақты мәселелері туралы ой қозғайды.

– Ғылыми-фантастикалық роман жанры – жалпы біздің әдебиетімізде сирек кездесетін дүние. Тың туындының әуелі сюжеті туралы айтып өтсеңіз.
– Менің романымның қысқа сюжеті үш қазақ жігіті – Жанғабыл, Аспандияр және Барақ Байбота ғаламның шалғай түкпіріндегі Галактикааралық орталықта он жыл бойы жұмыс істеп жүреді. Кейін оларды өздерінің туған жеріне, Жер планетасына бір тапсырмамен іссапарға жібереді. Онда үш қазақ алдымен Атлантида мемлекетіне барып тапсырманы орындайды. Кейін Қазақстанға, елордаға ұшып келеді. Мұнда олар Қазақстан мемлекеті басшысының қабылдауында болады.
Бұл роман қазіргі адамзат қоғамын орасан зор өзгерістерге ұшыратқан цифрландыру проблемасына, цифрлы революцияға арналған. Шығармада цифрландырудан туындаған Қазақстандағы өзгерістер ғана емес, бүкіл адамзаттың алдында тұрған мәселелер қозғалады. Соның ішінде сандық жүйе үдерісінің мемлекетті басқаруға, өндіріске, құрылыс саласына, көлік жүйесіне, ауыл шаруашылығына, тамақ өнеркәсібіне, білім беруге, медицинаға, тағы басқа салаларға ықпалы жайында әңгіме қозғалады. Цифрландырудың кино мен әдебиетке, мүсін өнеріне, жалпы адамзат шығармашылығына әсері баяндалады.
Ол адамға тек жақсылық қана емес, үлкен күрделі, шешімі қиын мәселелерді де алып келді. Мен өз шығармамда «Сол мәселелерді қалай шешуге болады? Адамға керекті тұстарын қалай дұрыс пайдалануға болады?» деген сұрақтарға жауап іздеуге тырыстым. Романымда бұрын еш жерде айтылмаған, жазылмаған көптеген тың ғылыми-техникалық, жобалаушылық идеялар бар. Солардың бірқатары жұртшылыққа пайдалы болатын шығар деп үміттенем.
– Кітап жазғаннан кейін оны жариялау, көпшіліктің арасына тарату, насихаттау... т.б. мәселелер туындайды. Осы тұрғыдан келсек, романның болашақ тағдыры қалай болады деп ойлайсыз?
– Дұрыс айтасыз. Өте керемет, терең шығарма жазсаңыз да, оны халыққа таныстыру, жарнамалау, насихаттау жұмыстарын жүргізбесеңіз, ол белгісіз күйінде қала береді және оны ешкім оқымайды. Мен осы романымды келешекте ағылшын, қытай, француз, неміс, испан тілдеріне аударсам деп армандаймын. Шетел оқырмандары қызығып оқуы үшін сол елдердің менталитетіне сай келетін, қазіргі бүкіл адамзатты толғандырып жүрген көкейкесті проблемаларды қозғайтын шығармалар керек. Шетелге ұсынатын шығарма өте сауатты жазылған, парасат деңгейі жоғары, көркемдік дәрежесі биік болуы тиіс. Осындай талаптарға жауап беретін шығарма ғана оқырман жүрегіне жол табады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда шығармалары миллиондаған таралыммен шетелге шығып жатқан қаламгерлеріміз болмай тұр...
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Мың жылдық тарихымызда төл мәдениетіміз тұңғыш рет әлемнің барлық құрлықтарына жол тартып, басты тілдерінде сөйлейтін болады» – деп атап көрсетілген. Қазіргі әлемдік әдебиеттің ең озық салаларының бірі – ғылыми-техникалық ақыл-ойдың көшбасшысы болған қазақтың ғылыми-фантастикалық шығармаларының да дүниеге танылатын кезі келді деп ойлаймын.
– Әдебиеттің шетелге танылуы бірінші кезекте аударманың сапасына байланысты екені даусыз. Бұл туралы не айтар едіңіз?
– Түпнұсқасында терең мағыналы көркем шығарма нашар аудармашының қолына түссе, жарамсыз, оқылмайтын, мән-мағынасыз дүбәра дүниеге айналады. Талантты, шебер аудармашылардың еңбегі қымбат тұрады. Мысалы, менің романымды ағылшын тіліне сапалы аудару үшін 15-20 мың доллар ақша керек екен. Бір ағылшынның аудармашысымен сөйлескенімде солай деді. Мұнан соң шығарманы сапалы аударып қою жеткіліксіз, әрине. Оны насихаттап жарнамалау керек. Әйтпесе ол өлі дүниенің кейпін киеді.
Дегенмен «аударма – шығыны көп, татымайтын жұмыс екен» деген сыңаржақ пікірмен келіспеймін. Мысалы, әлемге таралуы жағынан ағылшын жазушысы Джоан Роулингтің «Гарри Поттер» романдар топтамасы 300 миллион таралымнан асып жығылыпты. Бұл қаржылық жағынан да, ұлттың, мемлекеттің имиджі тұрғысынан да орасан зор пайда әкелген шығарма.
– Шығарманы жазғандағы ең басты мақсатыңыз не?
– Мен романымда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары туралы көп жаздым. Шетел оқырмандары оқыса, құлағына сіңе берсін деп ойладым. Кейін бәлкім осы жазғандарым арқылы Қазақстанға келіп, көркейген, гүлденген шаһарымызды көргісі келетіндер табылып қалар деген үмітті сәуле болашаққа сендіреді. «Увидеть Париж и умереть» деген ұғымның француздың Оноре де Бальзак, Виктор Гюго, Эмиль Золя, Стендаль сияқты атақты жазушыларының арқасында пайда болғанын ұмытпайық. Қазақ жазушысы шығармасының шетелде жариялануы бұл – Қазақ елінің, халқымыздың оң имиджі ғана емес, елімізді, жерімізді әлемге танытудың, елге туристерді тартудың басты амалдарының бірі.
– Алда тағы қандай жоспарларыңыз бар?
– Бұл романыммен шектеліп қалмаймын. Он шақты романнан тұратын ғылыми-фантастикалық топтама жазамын деп жоспарлап жүрмін. Әрине жағдайым болып жатса. Келесі романымның сюжеті дайын тұр. Онда қазақтың жігіттері Жер планетасын және жер бетіндегі бүкіл адамзатты аса қатерлі қауіптен құтқарады. Планета құрып кетейін деп тұрғанда аман алып қалады. Оқиғаның бір бөлігі киелі Маңғыстау жерінде, Шерқалада өтеді. Ғаламды тек үнемі басқалар ғана қауіп-қатерден құтқара бере ме екен? Мен оған қазақтың да қосар үлесі толайым екеніне күмәнсіз көз жеткізгім келеді.
Режиссёр Ларри Чарльздың атышулы фильмінен кейін қазақтар туралы жат пікір қалыптасқаны көңілге түрлі ой салады. Мен романдарымда батыстық оқырмандарға қазақ халқының өте білімді, парасатты, интеллектуал ұлт екенін көрсеткім келеді. Бұл мақсаттарымның қаншалықты орындалатынын уақыт көрсете жатар.
– Сөйте тұра неліктен романыңыз орыс тілінде?
– «Творение цифры: Атлантида – Казахия» атты романымды орыс тілінде жаздым. Оның ең басты себебі – орыс тілінен ағылшын тіліне, басқа тілдерге аударатын тәжірибелі аудармашылар көп. Жер бетіндегі бір жарым миллиард адам ағылшын тілінде сөйлейді екен. Бұл – жазушы үшін орасан зор аудитория. Кезінде бүкіл Батыс әдебиетін орыс тілінде оқып едік қой. Яғни, шығарма сапалы аударылса, өте қызықты оқылады. Ал қазақшадан әлемдік тілдерге тікелей аударатын келешекте мықты кәсіби аудармашылар шығып, сондай мектеп қалыптасып жатса, кейіпкерлерімді қай кезде де ана тілімде сөйлетуге дайынмын.
Әңгімелескен
Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,
«Egemen Qazaqstan»
Салғырт құрылыс компанияларын қара тізімге енгіземіз - Алтай Көлгінов
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Шетелден 307 азамат ПТР анықтамасыз ұшып келді
Қазақстан • Бүгін, 10:49
Спорт • Бүгін, 10:10
Қостанай қазақ театры көрермендерімен қайта қауышты
Аймақтар • Бүгін, 09:47
Жансай Смағұлов күміс медальді иеленді
Спорт • Бүгін, 09:37
Пневмонияның 52 және 3 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Бүгін, 09:27
Елімізде 568 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:18
Елімізде бір тәулікте қанша адам вирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:07
Спорт • Кеше
Елімізде алғаш рет «Домалақ ана» операсы сахналанды
Аймақтар • Кеше
ШҚО аумағында шектеу шаралары 20 наурызға дейін ұзартылды
Аймақтар • Кеше
СҚО полициясында 374 қыз-келіншек қызмет атқарады
Аймақтар • Кеше
Қостанайлық «Тобыл» Қазақстан суперкубогын жеңіп алды
Аймақтар • Кеше
Алматының ортасындағы көше опырылып қалды
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішіндегі бес автобус өртінің себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Боксшылар әзірге төрт қола алды, тағы екеуі финалда
Спорт • Кеше
Тараз қаласында 135 отбасы баспаналы болды
Аймақтар • Кеше
Жансай Смағұлов жүлдеге таласады
Спорт • Кеше
Алматының бас санитары Жандарбек Бекшин жаңа қаулыға қол қойды
Аймақтар • Кеше
8 наурыз күні хоккейден балалар турнирі өтеді
Аймақтар • Кеше
Спорт • Кеше
Оралдық магистранттар қазақ әдебиетін оқиды
Аймақтар • Кеше
Қазақстанның қай өңірлері «сары» аймақта тұр
Қазақстан • Кеше
Дзюдодан Париждегі турнир Қазан қаласына ауыстырылды
Спорт • Кеше
Атырау облысында газдан уланған төрт адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Теңіз кенішінде 5 автобус отқа оранды
Аймақтар • Кеше
Пневмонияның 42 және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстан • Кеше
Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 200 мыңнан асты
Қазақстан • Кеше
Өткен тәулікте 832 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды
Қазақстан • Кеше
Қазақстан мен Өзбекстан медицина саласында ынтымақтастықты нығайтады
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 05 Наурыз, 2021
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • 05 Наурыз, 2021
Үкіметте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі штабтың отырысы өтті
Үкімет • 05 Наурыз, 2021
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • 05 Наурыз, 2021
Ashyq қосымшасы арқылы тексерілетін ЖСН мәліметтері қайда жіберіледі
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • 05 Наурыз, 2021
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
АҚШ-тың екі штатында бетперде тақпауға рұқсат етілді
Әлем • 05 Наурыз, 2021
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • 05 Наурыз, 2021
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елордалықтар ақпан айында МӘМС-ке 3,2 млрд теңгеден аса жарна аударды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Нұрлан Ермекбаев ресейлік әріптесі армия генералы Сергей Шойгумен телефон арқылы сөйлесті
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Биыл Жаңақорған ауданынан күн электр станциясы пайдалануға беріледі
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • 05 Наурыз, 2021
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Футзалдан «Евро-2022» додасының іріктеу ойындары өтті
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 05 Наурыз, 2021
Елордада ағаштар мен бұталарды қояндардан қорғау жұмысы жүріп жатыр
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Елімізідің көлік сақшылары полицей әйелдерді төл мерекеcімен құттықтады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • 05 Наурыз, 2021
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • 05 Наурыз, 2021
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • 05 Наурыз, 2021
Ұқсас жаңалықтар