Президент • 25 Шілде, 2019

Қорықшы-инспектор Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі - Президент

297 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қорықшы-инспектор Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетілетінін twitter-дегі парақшасында жазды.

Қорықшы-инспектор Қаныш Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі - Президент

«Қорықшы-инспекторлар Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректілік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз. Қ.Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын!», деп жазды Қ. Тоқаев twitter-дегі парақшасында.

Сондай ақ Мемлекет басшысы қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажет екенін атап өтті.

Айта кету керек, 23 шілдеде шамамен сағат 11-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскен екі инспекторға қарсы оқ атылған. Салдарынан 1976 жылғы инспектор көз жұмса, 1975 жылғы әріптесі жараланып, Жарқайың аудандық аурханаға жатқызылған еді.