Ғалымдар да үлес қоспақ
Жұма, 24 мамыр 2013 2:05
Облыс орталығында мұнай коксын қыздыру бойынша салынатын өндіріс «Павлодар» еркін экономикалық аймағы аумағында орналасады. Аймақта мұнай коксы, күкірт қышқылы, алкидті қарамай және басқа да химия өнімдерінің өндірісі жоспарлануда. Жалпы, мұнай коксын өндіретін бұл жаңа жобаны «УПНК-ПВ» ЖШС қолға алды. Кәсіпорын директоры Нағашыбек Әубәкіров және «Павлодар» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Марат Байғожиндердің айтуларынша, зауыт жылына 280 мың тонна кокс өндіреді.
Жұма, 24 мамыр 2013 2:05
Облыс орталығында мұнай коксын қыздыру бойынша салынатын өндіріс «Павлодар» еркін экономикалық аймағы аумағында орналасады. Аймақта мұнай коксы, күкірт қышқылы, алкидті қарамай және басқа да химия өнімдерінің өндірісі жоспарлануда. Жалпы, мұнай коксын өндіретін бұл жаңа жобаны «УПНК-ПВ» ЖШС қолға алды. Кәсіпорын директоры Нағашыбек Әубәкіров және «Павлодар» АЭА басқарушы компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Марат Байғожиндердің айтуларынша, зауыт жылына 280 мың тонна кокс өндіреді. Ол отандық шикізаттан алюминий өндіру барысында қолданылатын электродтар шығару үшін қажет. Кәсіпорын 2014 жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады. Жоба ҮИИД мемлекеттік бағдарламасы бойынша орындалуда, еліміздің Индустрияландыру картасына енгізілген. Бүгінде АЭА аумағында 43 қатысушы компания тіркелген. Ал, жергілікті «Каустик», «УПНК ПВ», «Композит» ҒӨБ, «Күкірт қышқылы зауыты» кәсіпорындары құрылыс салуға қазір де кірісіп кетуге дайын. Мамандардың айтуынша, осы төрт жобаны 2014-2017 жылдары орындау өңірге 478 жаңа жұмыс орнын ашуға, 21 млрд. теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Іске қосу жоспарланып отырған қалған жобалар инвестицияларының көлемі 218 млрд. теңгеге бағаланады.
Жалпы, «Павлодар» АЭА-ның аумағында жоғары еңбекақы төлемімен 3300 жаңа жұмыс орны құрылады. Бюджетке жыл сайынғы түсім 1,3 млрд. теңгеге дейін артады, дейді Марат Байғожин. Сонымен қатар, АЭА аумағында полиэфирлі қарамай және залалсыздандырғыш құралдар шығаратын өндіріс те салынады Ал, «Композит» ғылыми-өндірістік бірлестігінің кәсіпорнында жыл сайын 5 мың тонна полиэфирлі қарамай мен 3 мың тонна композитті бұйымдар өндіріледі. Шетелдік компаниялармен жаңа технологиялар мен жабдықтар жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Кәсіпорын 2015 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарлануда. Келесі өндіріс орны «БО-НА» ЖШС залалсыздандыру құралдарын емдеу-профилактикалық ұйымдарда, өнеркәсіптік, азық-түлік және мал шаруашылығы нысандарында өндіретін болады. Бұған дейін бұл кәсіпорын АҚШ денсаулық сақтау департаментінің қолдауымен Халықаралық ғылыми-техникалық орталығымен бірлесіп залалсыздандыру құралдарының екі түрін әзірледі. Қауіпсіздікке және тиімділікке зерттеулер жүргізілді, инновациялық және авторлық патенттер, тауарлық белгі алынды. Қондырғының жобалық қуаты – жылына 520 тонна, ол қазақстандық кәсіпорындар сатып алатын денсаулыққа қауіпті, құрамында хлоры бар залалсыздандыру құралдарын алмастыруға мүмкіндік береді.
Ал, облыс орталығындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің ғылыми-техникалық кеңесі «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының инновациялық жобаларын ғылыми түрде қолдайтын болады. Профессорлар Александр Кислов пен Төлеуғазы Тоқтағанов, доцент Римма Несмеянованың ғылыми бағыттар бойынша жазған жобалары мен зерттеулері қаралды. Ғалымдар тауарлардың өндірісіне шетелдік инвестициялар мен қолданбалы технологияларды тарту мәселелерін талқылады.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Павлодар облысы.