Спорт • 26 Шілде, 2019

Михаил Гурман – «Астана» футбол клубының жаңа басшысы

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» футбол клубының негізгі құрам ойыншылары мен бапкерлер құрамына клубтың жаңа бас директоры таныстырылды. Бұл туралы клубтың баспасөз бөлімі хабарлады.

Михаил Гурман – «Астана» футбол клубының жаңа басшысы

Бұл лауазымға «Астана» Президенттік кәсіби спорт клубының шешімімен белгілі қазақстандық маман Михаил Ильич Гурман тағайындалды. 

Михаил Ильич футболшы ретіндегі мансабында қызылордалық «Орбита», алматылық «Қайрат», павлодарлық «Ертіс», қарағандылық «Шахтер» және талдықорғандық «Жетісу» командаларында ойнаған, әрі қазақстандық сұрмергендердің G100 клубы құрамына енген. 

Функционер ретінде Қазақстан кәсіби футбол лигасының директоры, Қазақстан футбол Федерациясының вице-президенті қызметтерін атқарған.