Спорт • 27 Шілде, 2019

Мен үшін әлем чемпионаты әлі аяқталған жоқ - Дмитрий Баландин

587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден финалдық бәсеке аяқталып, қазақстандық Дмитрий Баландин жетінші орын алды.

Мен үшін әлем чемпионаты әлі аяқталған жоқ - Дмитрий Баландин

Olympic.kz сайтына шағын сұхбат берген Рио Олимпиадасының чемпионы өз көңіл-күйімен бөлісіп, бүгінгі бәсекені қорытындылады. Сондай-ақ, олимпиада қарсаңындағы маусымға қатысты пікір білдірді. 

«Мен үшін әлем чемпионаты аяқталған жоқ әлі. Алда командалық эстафета бар. Біз Олимпиада ойындарына жолдамаалуға тырысамыз. Жалпы алғанда, жекелей сындағы өз өнеріме көңілім толады. Жүз метрлік жарыста өз нәтижемді жақсартып, ел рекордын жаңарттым. 200 метрлік сында бәрі мен ойлағандай болмады, бірақ көңіл түсіретіндей жағдай емес. Мұнда аэробты дайындығым аздап жетіспей қалды. Десе де, нәтижем жаман емес. Оңай болған жоқ, әрине. Енді бапкермен бірге жаттығуды жалғастырамыз. Жарыстың видеосын тамашалап, бәрін сараптаймыз. Сол сараптама қорытындысы бойынша дайындықты ретке келтіру мақсаты тұр алда. Әлем чемпионатынан соң аздаған демалыс алып, Лос-Анджелеске, Дэйв Салоға қайта ораламыз. Дэйв әлем чемпионатында бізге бағыт беріп, әрбір жарыстан соң өз ақыл-кеңесімен бөлісті. Сол үшін көп рахмет»,- дейді Баландин.