Аймақтар • 29 Шілде, 2019

Жамбыл облысында білім ошақтарының саны артады

1232 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінде елімізде жастардың сапалы білім алуына мемлекет тарапынан тиісті жағдай жасалып келеді. Ол үшін өңірлерде апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымды білім ошақтарының мәселесін шешу маңызды. Білім бәсекесіне қабілеттілік күн тәртібінде тұрған мәселе болғандықтан, бұл өңірлер үшін де аса өзекті. Бұл орайда, білім бәсекесін арттыруға Жамбыл облысы да өзіндік үлесін қосып отыр.

Жамбыл облысында білім ошақтарының саны артады

Облыстық білім бас­қармасының мәліметінше, өңір­дегі білім нысандарының ма­териалдық-техникалық база­сы барлық талапқа сай. Ба­ла­лардың алаңсыз білім алуы үшін барлық жағдай жа­сал­­­ған. Мәселен, ағымдағы жылы облыс бойынша 12 білім ны­санының құрылысын жүр­гізуге 3,6 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде 1,2 миллиард теңге рес­пуб­ли­калық бюджет есебінен бол­са, жергілікті бюджеттен 2,4 миллиард теңге бөлінген. Атал­ған қаражат есебінен Шу ауда­ны Шу қаласындағы 300 орындық орта мектеп, Байзақ ауданы Ақшолақ ауы­лын­да­ғы 120 орындық орта мектеп, Жамбыл ауданындағы Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектеп, Меркі ауданы Қазақ-Дихан ауылындағы 120 орындық орта мектеп, Т.Рысқұлов ауданы Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық білім мекемесі және Жамбыл ауданы Түрксіб ауылындағы 300 орындық орта мектептің құрылысы жүргі­зіледі. Аталған 6 мектеп те заман талабына сай салынып, оқушылардың игілігіне бері­ле­тін болады.

Сонымен қатар ақыл-ойын­да ке­містігі бар бала­ларға ар­нал­ған мектеп-интернатының спорт залы, шеберханасы, қоймасы, моншасы, Байзақ аудандық №3 колледжінің спорт залы, асханасы, Жуалы ауданы Қарабастау ауы­лын­да­ғы Қошмамбетов атын­дағы орта мектепке жап­сарлас спорт залы, Сарысу ауданы Ұйым ауы­­лындағы Сүлейменов атын­­­дағы орта мектептің сп­орт залы және Шу ауданы Далақайнар ауылындағы Т.Әшім­баев атындағы мек­теп­тің спорт залы, асханасы, технология кабинеті және шеберханасының құрылысы салынатын болады. Сондай-ақ «Үміт» тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатына жеделсаты орнату жұмыстары жүргізіледі.

Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова 2019-2020 оқу жылында өңірде 5 мектеп пайдалануға берілетінін айтты. «Оның ішінде Байзақ ауданында үш ауысымды
1 мектеп, Жамбыл ауданында орын тапшылығы бар 1 мектеп, Т.Рысқұлов ауданында апатты жағдайдағы 1 мектеп және Меркі ауданында орын тапшылығы бар 1 мектеп биыл пайдалануға беріледі. Қалған 1 мектеп 2020 жылы пайдалануға беріледі», дейді басқарма басшысы. Айта кетерлігі, жыл сайын Жамбыл өңірінде білім беру ошақтарының мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді. Бұл ретте облыс әкімі Асқар Мырзахметов тиісті басшыларға білім ошақтарына көңіл бөлуді міндеттеп, мектеп құрылысын жүргізу барысында мемлекет қаражатын тиімді жұмсауды тапсырған болатын.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысында апатты жағдайдағы 4 мектеп бар. Алайда, апатты мектептер жыл сайын аза­йып келеді. Бұл мәселе облыс­тық әкімдіктің назарында. Облыстық білім бас­қар­ма­сы­ның мәліметінше, апатты жағдайдағы 1 мектептің құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, Т.Рысқұлов ауданы, Жалпақсаз ауылындағы 48 орындық білім мекемесі пайдалануға берілетін болса, қалған 3 мектептің мәселесі 2020-2021 жылдары шешімін табады деп жоспарлануда. Атап айтсақ, Қордай ауданы Күнбатыс ауылындағы 152 орындық білім ошағы, Шу ауданы Алға ауылындағы 300 орындық Амангелді атындағы орта мектеп және Бірлікүстем ауылындағы Домалақ ана атындағы орта мектептердің құрылысы жоспарда тұр. Ал өңірде үш ауысымда жұмыс істейтін 1 мектептің мәселесі жаңа мектеп салу арқылы ше­ші­­леді. Жаңа оқу жылында Байзақ ауданы Ақшолақ ауы­лын­дағы 120 орындық орта мектеп пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар Жамбыл облысында білім ошақтарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге де тиісті көңіл бө­лі­нуде. Мәселен, 2019 жылы облыс бойынша 10 білім ны­санына күрделі жөндеу жұ­мыс­тары жүргізіледі. Оның ішінде 5 мектеп, 1 мектеп-интернат, 2 балабақша және 2 мектептен тыс мекеме бар. Аталған мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүр­гізуге 1 402,492 миллион теңге қарастырылған. Рес­публикалық бюджеттен 633,580 миллион теңге бөлін­се, облыстық бюджеттен 586,324 миллион, ал қалалық бюд­жеттен 182,588 миллион теңге бөлінген. Басқарманың мәлі­метінше, бүгінде сатып алу­лар конкурсы арқылы мер­ді­гер­лерді анықтау жұ­мыс­тары жүргізілуде.

 

Жамбыл облысы