Аймақтар • 29 Шілде, 2019

Павлодар облысында әр гектарынан 5-6 центнер шөп шабылуда

697 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, өңірдегі алқаптарда қазір қызу жұмыс. Шілденің соңында шаруалар алқаптарда азық дайындауға кіріседі, әдетте, ол жердегі өнімділік те жоғары болып келеді.

Павлодар облысында әр гектарынан 5-6 центнер шөп шабылуда

Қазір шаруалар дайындап жатқан шөптердің негізгі түрлері жайылымдық еркекшөп пен арпабас болып отыр. Келесі жылғы егіс науқанына қамданған ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер шөбі щабылған  жерлерді өңдеп те жатыр.   

Шілде айының соңына қарай облыс бойынша 220 мың тоннаға жуық шөп шабылған. Шаруашылықтар жоспарланған 175 мың гектар танапта пар өңдеді. Сонымен бірге, алқаптарда  топырақты екінші қайтара өңдеу жұмыстары да қарқынды жүргізілуде.

Егістік алқаптарын арам шөптерден тазарту үшін 550 мың гектарға жуық алқапта химиялық отау жүргізілуде. Тек  Успен, Шарбақты аудандарында ғана бұл жұмыстағы қарқын төмен.

Ал, тамыз айында күн ыстық  болса, шөптің қурап кетуі де мүмкін. Сондықтан, әрбір шаруашылық  қысқа деген мал азығын дайындауға күш салуда. Жалпы,облыс бойынша шөп шабу жұмыстарына 1600-ден астам техника жұмылдырылған, аумағы 400 мың гектарға жуық алқапта шөп шабылған. Әр гектарынан 5-6 центнер көлемінде шөп шабылуда. Басқарма алдағы уақытта жиналған мал азығын қыстауларға жеткізу жұмысы да басталады деп отыр.

 

Павлодар

Суретті түсірген Валерий Бугаев